Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 205-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау материалдарын, сүт, емдеу-профилактикалық тағамын беру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 762 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қазанда № 12218 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.12.2015 жылғы № 943 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 205-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге жуу және дезинфекциялау материалдарын беру нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық тағамын беру нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 30 қырқүйек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 қырқүйектегі № 762 бұйрығына 1-қосымша
Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормалары
Word нұсқасын қараңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 қырқүйектегі № 762 бұйрығына 2-қосымша
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге жуу және дезинфекциялау материалдарын беру нормалары
№ |
Жұғыш құралдардын атауы |
Айына бір адамға |
1. |
Иіс сабын |
500 |
2. |
Кір сабын |
500 |
3. |
Ұнтақ |
400 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 29 қырқүйектегі № 762 бұйрығына 3-қосымша
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормалары
1. Сүт бір ауысымға майлылығы 3,2 пайызға дейін 0,5 литрден төмендегідей химиялық заттарды өндіру немесе қолдануға байланысты жұмыстарда қызметкердің нақты жұмыс iстеген күндеріне оның ұзақтығына қарамастан беріледі:
1) алифатикалық және алициклдiк көмiрсутектер (қаныққан және қанықпаған):
метанға жататын көмiрсутектер: бутан, изобутан, пентан, изопентан, гексан, октан, изооктан, нонан;
этиленге жататын көмiрсутектер: бутилендер, амилендер, изобутилендер;
циклдiк шексiз көмiрсутектер: циклопентадиен, дициклопентадиен, марганецтiң циклопентадиенилтрикарбонилi;
бiр-көп ядролық хош иiстi көмiрсутектер: бензол, ксилол, толуол, этилбензол, кумол (диизотропиленбензол), ксилолдар, стиролдар, дефенил, нафталин және оның туындылары;
2) майлылар қатарына жататын галоген туынды көмiрсутектер:
фтортуындылар: фторэтилен, дифторэтилен, трифторэтилен, тетрафторэтилен, трифторпропилен, дифторэтан, декафторбутан;
хлортуындылар: хлорлы метил, хлорлы метилен, хлороформ, төрт дәрежелi хлорлы көмiртегi, хлорлы этил, дихлорэтан, трихлорэтан, тетрахлорэтан, трихлорпропан, титрахлорпентан, хлорлы винил, дихлорэтилен, трихлорэтилен, тетрахлорэтилен, гексахлорциклопентадиен, аллодан, хлоропрен, хлорлы аллил, хлорлы бутилен, гексахлорбутадиен және осы топтағы басқалары;
бромтуындылар: бромды метилен, бромды этил, дибромэтан, тетрапромэтан, дибромпропан, бромоформ және басқалары;
йодты туындылар: йодты метил, йодоформ, йодты этил және басқалары;
аралас галоген туындылар: дифторхлорметан, фтордихлорметан және басқалары;
3) хош иiстi көмiрсутектерiне жататын галоген туындылар:
хлорбензол, дихлорбензон, трихлорбензон, тетрахлорбензол, гексахлорбензол, хлорлы бензил, бензотрихлорид, хлорстирал, бромбензол, бромды бензил және басқа да осы топқа жататын галоген туындылар;
4) бiр циклді көп ядролық көмiрсутегiнiң хлор туындылары: хлорланған дифенилдер, дифенилдiң хлор қышқылы, хлориндан, хлорнафталиндер, гептахлор, ДДТ, гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен, хлортен, симазин, артазин;
5) спирттер:
майлы қатарға жататын шектi және шексiз гликолдар жәнеспирттер: метилдi спирт, аллилдi, кротонилдi және басқалары;
майлы қатарға жататын галоген туынды спирттер: октафторамилдi, тетрафтор пропилдi және басқалары;
алициклдi: және хош иiстi қатарындағы спирттер: бензилдi спирт, циклогексенол және басқалары;
6) фенолдар: фенол, хлорфенолдар, пентахлорфенол, крезолдар, гидрохинон, натрийдiң пентахлорфенолы және басқалары;
7) алициклдi және алифатикалық қатардағы эфирлер және олардың галоген туындылары: диметилдi, диэтилдi, диизопропилдi, дибутилдi, винибутилдi, дивинилдi, монохлордиметилдi, дихлордиэтилдi, тетрахлордиэтилдi, этиленгликолдың, пропиленгликолдiң, глицириннiң эфирлерi, полигликолдi эфирлер;
8) фенолды эфирлер: гваякол, гидрохинонның монобензилдi эфирi, динил және осы топқа жататын басқалары;
9) органикалық тотықтар және асқын тотықтар: этиленнiң, пропиленнiң, эпихлоргидриннiң тотықтары, изопропилбензолдың гидро асқын тотығы, бензоилдiң асқын тотығы, метилэтилкетонның, циклогексанонның асқын тотықтары және осы топтағы қалған құрамдардың өкiлдерi;
10) тиоспирттер, тиофенолдар және тиоэфирлер: метил және этилмеркаптандар, трихлортиофенол және пентахлортиофенол; 2,4-Д, трихлорфеноксиуксус қышқылы тұзы;
11) қаныққан және қанықпаған альдегидтер және кетондар: ацетальдегид, формальдегид, бензальдегид, акромин, ацетон, бромацетон, хлорацетон, пентахлорацетон, гексахлорацетон, хлорацетофенон және осы қатарға жататын басқалары;
12) органикалық қышқылдар, олардың ангидридтерi, амидтерi және галогеноагидридтерi, малеиндi, фталдi ангидрид қышқылдары: құмырсқа, сiрке, пропион және олардың ангидридтерi, нафтендi қышқылдар, хлорлы бензоил, хлорфеноксоисiрке қышқылы, карбамин қышқылының қоспалары, тиодитиокарбаминдi қышқылдар, диметильформамид және осы топтағы басқалары, сондай-ақ диазокетоны және диазоэфирлер;
13) күрделі эфирлер: азотталған күкiрт, хлорсульфонды, құмырсқа, сiрке, припиондi април, метакрил қышқылдары және олардың галоген туындылары;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |