• Мое избранное
Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қазанда № 12197 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 10 шілдеден бастап күшін жояды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2020 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет–порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2–тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылық министрі 
__________________А. Мамытбеков 
2015 жылғы 23 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
__________________А. Сәрінжіпов 
2015 жылғы 17 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қорғаныс министрі 
__________________И. Тасмағамбетов 
2015 жылғы 8 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
__________________Е. Досаев 
2015 жылғы 3 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
__________________В. Школьник 
2015 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 384 бұйрығымен
бекітілген
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 503 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 жылғы № 131 Бұйрығымен (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығымен (03.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2020 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Өнімнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Эспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру» және өнімнің транзитіне рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Егер межелі елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса, осы Қағидалардың күші қолданылмайды және өнімнің транзитіне рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) берілмейді.
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, шет мемлекеттердiң және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне жол берiлмейдi.
3. Рұқсат сыртқы сауда келiсiмшартында (шартта) өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан, кемінде он белгі деңгейінде кодын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.
4. Рұқсат жеке және заңды тұлғаларға оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге беріледі.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының және экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың қолданылу мерзімімен шектеледі.
Егер өнімнің транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда рұқсат автоматты түрде жойылады.
Берілген рұқстақа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
5. Берiлген рұқсат басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi.
6. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
7. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін:
1) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz (бұдан әрі-портал);
шетелдік заңды тұлғалар үшін:
1) Мемлекеттік корпорацияға;
2) порталға;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізбесі осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін шетелдік заңды тұлғалар кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген қағаз жеткізгіште ұсынады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шетелдік заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында жазылған.
12. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
14. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі-Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шетелдік заңды тұлғаға Дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз құжат нысанында беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнімді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесу мақсатында оларды «Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысымен көзделген тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
15-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өнімнің транзитіне рұқсат беру келісілген болып есептеледі.
16. Орындаушы құжаттарды қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тартуды ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне не беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
16-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында жазылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – қолма-қол;
2) портал арқылы - электронды.
18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
20. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес қаралуға жатады:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
22. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он жұмыс) күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Экспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал);

3) шетелдік заңды тұлғалар үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өнімнің транзитіне рұқсат беру не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық қужат нысанда мемлекеттік өызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.;

мемлекеттік қызмет электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады;

3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

Осы өтініш сондай-ақ электрондық түрде word немесе excel форматында ұсынылады;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) шетелдік заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелуіне (қайта тіркелуін) растайтын құжат;

4) шетелдік жеке тұлға үшін ‒ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат;

5) өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжат;

6) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;

7) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының занңамасы) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;

8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);

9) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты;

10) осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;

Ескертпе:

Осы тармақтын 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген түп нұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.

Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

2. Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) шетелдік заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның мемлекеттук тіркеуін (қайта тіркелуін) растайтын электрондық көшірмесі;

3) шетелдік жеке тұлға үшін – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

4) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі.

5) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;

6) сақтандыру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);

8) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хатының электрондық көшірмесі;

9) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтерінің электрондық көшірмесі;

Осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.

Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты);

5) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;

6) әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қаруы мен оқ-дәрілері туралы деректерді (маркасы (типі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарудың әрбір әкелінетін бірлігіне әскери қарауыл әскери (қосарлы) мақсаттағы өнімнің транзитімен ілесіп жүру кезінде әскери қарауыл туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.

Ескертпе:

Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген келісім-шарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, елдің заңнамасында көзделмеген құжаттың болмауы түсіндірме-хат ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының немесе шетелдік мемлекеттік органның және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға немесе шетелдік заңды тұлғаға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;

5) көрсетілетін қызметті алушыға немесе шетелдік заңды тұлағаға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлғаға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған болса.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметі көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – www.gov.kz/memleket/entities/miid, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурсында;

3) www.egov.kz порталында орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

«Экспорттық бақылауға жататын,
өнімнің транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш

1._________________________________________________

(уәкiлеттi органның толық атауы)

2. Көрсетілетін қызметті алушы

___________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда; елі, заңды мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы)

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

4. Баратын ел:

5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

6. Тағайындау елі:

7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті

- кіру:

- шығу:

9. Көлiк түрi:

10. Келiсiмшарттың валютасы:

11. Өнімнің атауы:

12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды:

14. Өлшем бiрлiгi:

16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны:

13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

15. Саны:

17. Сыртқы сауда келiсiмшарты, нөмірі және күнi:

18. Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің өтініш берілетін түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

20. Рұқсаттың ерекше шарттары:

21. Көрсетілетін қызметті алушыдан

___________________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөрдің орны* (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20___ жылғы «___» _______________

22. Уәкілетті орган

___________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

Өтініш_______ 20__жылғы «____» _________________

Қарауға қабылданды

«Экспорттық бақылауға жататын,
өнімнің транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан
Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттер, көлік түрі туралы мәліметтер

Көрсеткіштер

Көрсеткіш мазмұны

Ескертпе

1

Жүктің толық атауы


 


 

2

Өлшем бірлігі


 


 

3

Саны


 


 

4

Қауіптілік сыныбы


 


 

5

БҰҰ коды


 


 

6

ҮЖН коды


 


 

7

ЕАЭО СЭҚ ТН коды


 


 

8

Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны


 


 

9

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша экспедитор ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

су көлігімен тасымалданған жағдайда талап етілмейді)

шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

10

Тасымалдаушының ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензиясы

лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы

ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау кезінде

11

Жүктерді күзету ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

(теміржол және су көлігімен тасымалдаған жағдайда талап етілмейді)

күзетілетін өнімнің номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

12

Жүкті физикалық қорғау жөніндегі ұйымының күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат

күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмiрi, берген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы


 

13

Көлік түрі

теміржол, автомобиль немесе су, немесе әуе

1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде көлік құралының деректері қосымша көрсетіледі

14

1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың нөмірі (1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде)


 

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген, «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес көлік қауіптілігінің 1.4 кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде талап етілмейді

15

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) нөмірі

1.4 көлік қауіптілігінің кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде

куәліктің көшірмесі қоса беріледі

16

Жүк жөнелтушінің толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны


 


 

17

Жүк қабылдаушының толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны


 


 

18

Тасымалдау маршруты:


 


 

19

Жөнелтуші өткізу пунктінің атауы, елі


 


 

20

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу пунктінің атауы


 


 

21

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу маршруты


 

темір жол көлігімен тасымалдау кезінде толтырылмайды

1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде қозғалу маршруты арнайы рұқсатқа сәйкес көрсетіледі

22

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу пунктінің атауы


 


 

23

Жеткізілу өткізу пунктінің атауы, елі


 


 

24

Тасымалдау мерзімі күні, айы, жылы - күні, айы, жылы


 

өтініштің 8-бағанына сәйкес

25

Үшінші адамдарға және қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы деректер

сақтандыру компаниясының атауы, заңды мекенжайы, телефондары, шартты жасау нөмірі және күні

сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді

26

Авариялық карточканың нөмірі (қауіпті жүктердің транзиті кезінде)

автомобиль көлігімен 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат бар болған кезінде талап етілмейді

Көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылған авариялық карточканың көшірмесі қоса беріледі

27

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты

Көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына 2-қосымша
нысан
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті 
алушының ұйымдары) 
____________________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________________ 
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 
2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі 
(мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық 
топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары: 
1) _______________________________; 
2) _______________________________; 
3) _______________________________. 
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті 
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін 
қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. 
Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден жасалды. 
ТАӘ (бар болса) («Азаматтарға арналған үкімет» 
Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы) 
Орындаушы: ТАӘ (бар болса) _________________ 
Телефоны _________________________ 
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (бар болса)/қолы 
20__ ж. «___» _________
Өнімнің транзитіне рұқсат
беру қағидарларына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (22.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысаны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан


 


 


 

Нұр-Сұлтан қ.


 

Нұр-Сұлтан қ.


 


 


 

Нөмір:[Құжаттың нөмірі]


 

Берілген күні:

[Берілген күні] жылы


 


 


 


 


 

[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]


 


 


 


 


 


 

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:

[Бас тарту негіздемесі]


 


 


 

[Қол қоюшының лауазымы]


 

[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына 4-қосымша
нысан
Өнім транзитіне берілетін рұқсат

1. Рұқсат №

2. Көрсетілетін қызметті алушы (толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны):

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны):

4. Баратын ел:

5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

6. Тағайындау елі:

7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті

- кіру:

- шығу:

9. Көлiк түрi:

10. Келiсiмшарттың валютасы:

11. Өнімнің атауы:

12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды:

14. Өлшем бiрлiгi:

16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны:

13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

15. Саны:

17. Сыртқы сауда келiсiмшартының нөмірі және күнi:

18. Келiсiлдi:

19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

20. Рұқсаттың ерекше шарттары:

21. Уәкiлеттi орган _________________________________________________ (уәкiлеттi органның толық атауы) Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) Берілген күні: _____ жылғы «___» _________