• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 07.12.2015 жылғы № 613 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
 құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1. «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
1
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:
1) өтініш берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішке қоса берілген шарт материалдарында сараптама жасауға төлемді растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушінің төлеуіне шот беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама ұйымына төлем түскен күннен бастап есептеледі. Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныспен сұрау салу жіберіледі
Мұндай жағдайда сараптама жүргізу мерзімдері шын мәнінде жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш берген кезде – айрықша құқықты басқаға беру туралы шарттың мемлекеттік тіркелгендігі туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.
7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Шарттарды тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
3) порталда –Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ және орыс тілдерінде орындалған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.
Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өтінім және өзге де қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Заңды тұлғалардың аты мен атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, егер олардың қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған нұсқасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.
Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды. 
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін порталға қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған, мөр бедері және екі тараптың да не екі тараптың да уәкілеттік берілген адамдарының қолтаңбалары қойылған шарттың төлнұсқасының электрондық көшірмесі.
Шарттың электрондық төлнұсқасы көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
9-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімінің электрондық көшірмесі.