Toggle Dropdown
1. «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 3-қосымша
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін (құжаттардың толық топтамасын) қабылдау және оның нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді:
патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау үшін – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Порталдағы жұмыс кестесі – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш берген кезде порталға мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі: