• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 4-қосымша

4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 07.12.2015 жылғы № 613 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 14 (он төрт) ай ішінде, өтініш берушінің жазбаша өтініші негізінде қосымша төлем төленген жағдайда тауар таңбасының өтініміне сараптама белгіленген мерзімдерден бұрын, бірақ алты айдан ерте емес мерзімде өткізіледі.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
қызмет алушы тауар таңбасын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы тауар таңбасына түпкілікті толық сараптаманы алдын ала ішінара тіркеу туралы және бас тарту туралы қорытындыға қарсылық беру мерзімі үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы түпкілікті толық сараптаманы алдын ала ішінара тіркеу және бас тарту туралы қорытындыға қарсылық білдіруді қарастыру үшін үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы қарсылық беру мерзімін немесе сараптаманың сұрау салуына жауап мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген кезде алты айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;
тауар таңбасы Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетi жетістігі болып табылатын тиiстi құзыреттi органның рұқсатын алу қажет болған жағдайда он бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсете отырып, электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Егер қызмет алушы белгіленген тәртіппен жетпеген құжаттарды, соның ішінде тауар таңбасын тіркеу үшін мемлекеттік бажды және (немесе) сараптама жасау ұйымының мәліметтерді жариялау жөніндегі іс әрекеттеріне төлем туралы құжаттарды, көрсетілген мерзімді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлем ақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.
7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тауар таңбасын тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынады. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметіне ақы төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 
2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар таңбасын тіркеуге арналған екі данада өтінім;
2) 8х8 сантиметр форматындағы мәлімделетін белгінің  15 репродукциясы (тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер 20х20 сантиметр мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады);
3) сараптама ұйымының қызметіне ақы төленгенін растайтын құжат;
4) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;
5) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысын (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) (төлнұсқа салыстыру үшін беріледі);
6) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын растайтын куәландырылған құжаттар;
7) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін);
8) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің – елтаңбаның және тудың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға келісім беру;
9) егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракурстардағы көлемді тауар таңбасының әр түрлі бейнелері ұсынылады;
егер дыбыстық тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер музыкалық шығарманың бөлігі тіркеуге мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;