• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 6-қосымша

«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен ерте жіберіледі. Патенттi беру туралы мәлiметтер көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша бюллетеньде белгіленген мерзімнен ерте жарияланады. Патент беру туралы мәліметтер жарияланумен қатар, көрсетілетін қызметті алушыға патент беріледі.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген, қосымша немесе жетіспейтін құжаттарды, сондай-ақ бірлік талабы бұзыла отырып берілген өтініш бойынша нақтылауларды ұсынуы қажет болған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге дайындауға және жариялауға төлеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру үшін олар өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат және мәні бойынша сараптама жүргізуге төлем туралы құжатты берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – өнеркәсіптік үлгідегі патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық түрде.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Портал арқылы жүгінген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алған күні мен орыны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама ұйымының көрсеткен қызметіне төлем (немесе) мемлекеттік баж төлемі туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтінішхатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті хабарлама жіберіледі
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлемақы алынады.
7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Патент берілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының көрсетілетін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;