Toggle Dropdown
1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 7-қосымша
«Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткен соң, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Патенттi беру туралы мәлiметтер қызмет алушының өтінішхаты бойынша бюллетеньде белгіленген мерзімнен ерте жарияланады.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды сараптама ұйымының сұрау салуы немесе хабарлауы бойынша ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезінде бірінші өтінімнің көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында, алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, он екі айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушының патентті беруге дайындағаны үшін төлемді және патентті бергені үшін мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша пайдалы модельге патент не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық, қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алған күні орыны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша өтінім Өнертабысқа патент беру өтініміне заңда көзделген жағдайларда ауыстырылады және көрсетілетін қызметтер кейін «Өнертабысқа патент беру» стандартына сәйкес ұсынылады.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама ұйымының көрсеткен қызметіне төлем және (немесе) мемлекеттік баж төлемі туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қайта қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті хабарлама жіберіледі
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлемақы алынады.
7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Пайдалы модельге патент бергені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бажды және сараптама ұйымының көрсететін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі: