• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 8-қосымша

«Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1. «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 18 (он сегіз) өткен соң ол қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша патенттi беру туралы мәлiметтер бюллетеньде мерзімінен бұрын жарияланады. Патентті беру туралы мәліметтерді жариялаумен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға патент беріледі. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезде бірінші өтінім көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген немесе жетіспейтін құжаттарды, қосымша материалдарды, оның ішінде сараптама ұйымының сұрауы не хабарлауы бойынша өнертабыстың өзгертілген формуласын ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұратуына жауап мерзімін ұзарту және сараптама сұратуына қосымша материалдарды ұсыну жөнінде өтініш берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптама ұйымының сұратуына жауап және қосымша материалдарды, сондай-ақ мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын төлем құжаттарын ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда он екі айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге арналған құжаттарды дайындау үшін төлемді растайтын құжатты және патент беру үшін мемлекеттік бажды ұсыну мерзімін қалпына келтіру жөнінде өтінішхат берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (он) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – өнертабысқа патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша өтінім заңнамада көрсетілген жағдайларда пайдалы модельге патент беру өтініміне ауыстырылады, кейін көрсетілетін қызмет «Пайдалы модельге патент беру» стандартына сәйкес ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімдерде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтінішхатты бермесе, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлем ақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.
7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өнертабысқа патент берілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін; 
2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінім жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Қазақстан Републикасының өнертабысқа патент беру туралы өтініштің 3 данасы;
2) тиiстi бiлiм саласындағы маманның жүзеге асыруы үшiн жеткілікті өнертабысты толық ашатын өнертабыстың сипаттамасының 2 данасы;
3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласының 2 данасы. Формула айқын, нақты және сипаттауға негізделуі тиіс;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар мен өзге материалдардың 2 данасы;
7) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, төлемді растайтын құжат;
8) төлемнің мөлшерін азайту негіздемелерін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, жалпы білім беру мектептердің, кәсіби техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының, жоғары оқу орындарының студенттері үшін тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама).
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;