Toggle Dropdown
1. «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 9-қосымша
«Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайты арқылы жүзеге асырылады
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік комиссиялары сұрыптардың, тұқымдардың патент қабілеттілігіне сынақтар өткізуінің мерзімдерін есепке алусыз порталға жүгінген кезде басқаға беру немесе лицензиялық шарты тіркеу кезінде - 11 ай (он бір ай) ішінде.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мерзім:
көрсетілетін қызмет алушының жетіспейтін құжаттарды немесе түзетілген материалдарды ұсынуы қажет болған жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;
патентті беруге құжаттарды дайындау және тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін төлеудің, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру жағдайында үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – селекциялық жетістікке патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық.
Портал арқылы жүгінген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні және орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама жасау ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтінішхатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлем ақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.
7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Патент берілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес, айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) Сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;