• Мое избранное
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
  • 1
Редакция 14.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1- тарау. Жалпы ережелер
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.04.2018 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
порталға жүгінген сәттен бастап:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) оның қосымшасын қайта ресімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі- ЭЦҚ)қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады және сақталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.04.2018 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензияны беруге және лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алым 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес жүзеге асырылады және:
лицензия беруге – 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды.
Лицензияға қосымшаны беруге және қайта ресімдеуге лицензиялық алым алынбайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
порталға:
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
ЭҮТШ арқылы төлеуді есептемегенде, жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны;
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші;
ЭҮТШ арқылы төлеуді есептемегенде, жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;
Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкес келетін «электронды үкімет» шлюзінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі мыналар болып табылады:
1) субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы.
3- тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.