1. «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
«І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1- тарау. Жалпы ережелер
1. «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
рұқсат беру – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;
рұқсатты қайта ресімдеу - 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген сәттен бастап, 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі –қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс графигі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
рұқсат алу үшін:
1) І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
2) бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы не ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
3) қоршаған орта қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
рұқсаттарды қайта ресімдеу үшін:
1) І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
2) қайта ресімделетін эмиссияға рұқсат берілген табиғат пайдалану объектісіне (объектілеріне) қатысты оған (оларға) меншік құқығының ауысқанын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, рұқсат туралы, қоса тіркелетін қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша бөлімі бар, көзделген қызмет жобасына және техникалық үлестік нормативтері қамтылған эмиссия нормативтерінің жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары құжаттарының мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 73-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталықмемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметтіберушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметтіберушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлікке осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданады.
Шағымда:
1) жеке тұлға - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс нөмірі;
2) заңды тұлға - атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушыныңқол қоюы керек.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, тапсырылған шағымға жауапты алу орнымен мерзімі көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері бойынша дәлелді жауап қызмет алушыға пошта байланысыарқылы жіберіледі не көсетілетін қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:
1) Министрліктің - www.energo.gov.kzинтернет-ресурсы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) Министрліктің - www.cerc.energo.gov.kz. интернет-ресурсы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
3) порталда.
14. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті беруді шектеу Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу бөлу туралы» бұйрығымен белгіленеді.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«І санаттағы объектілер үшін экологиялықрұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік органның атауы
Iсанаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу өтінімі
______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (табиғат пайдаланушының атауы)
_______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (өтініш иесі-ұйымның заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның мекенжайы)
1. Жалпы ақпарат
Байланыс телефоны, факс _____________________________________________
Өтінім берілетін өндірістік объектінің атауы ________________________
_______________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының санаты (өндірістік объектінің қауіптілік сыныбы)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірi/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
2. Өндіріс объектісінің қоршаған ортаны ластау кезідерітұратын өнеркәсіп алаңдарының орналасқан жері туралы деректер:
1-кесте. Өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан жері туралы мәліметтер
Өнеркәсіптік алаңның нөмірі |
Өнеркәсіптік алаңның атауы |
Облысы |
Ауданы, елді мекені |
Координаттары градус, минута, секунда |
Алып жатқан аумағы, гектар |
|
ендік |
бойлық |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
3. Жылдар бойынша ластаушы заттардың шығарындылары, (төгінділерді) және орналастырылатын қалдықтары (күкірт) көлемінің сұратылатын лимиттері.
2-Кесте. Ластаушы заттар шығарындыларының лимиттері
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының атауы |
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысың нөмері және берілген күні |
Ластаушы заттар шығарындыларының нормативтік көлемі |
Ластаушы заттардың шығарындыларының сұратылған лимиттері |
Өтінім берер алдындағы жылғы іс жүзіндегі шығарындылар көлемі |
|
тонн/жыл |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
20__жылға |
|||||
барлығы, олардың ішінде алаңдар бойынша: |
|
|
|
|
|
1-алаң |
|
|
|
|
|
2-алаң және т. б. |
|
|
|
|
3-кесте. Ластаушы заттар төгінділерінің лимиттері
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының атауы |
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нөмері және берілген күні |
Ластаушы заттар төгінділерінің нормативтік көлемі |
Ластаушы заттардың төгінділерінің сұратылған лимиттері |
Өтінім берер алдындағы жылғы іс жүзіндегі төгінділер көлемі |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
20__жылға |
||||
барлығы, олардың ішінде су шығарымдары бойынша: |
|
|
|
|
1-су шығарымы бойынша |
|
|
|
|
2-су шығарымы бойынша және т.б. |
|
|
|
|
4-кесте. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттері
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысыныңатауы |
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысыныңнөмері және берілген күні |
Қалдықтардың нормативтік көлемі |
Қалдықтардың сұратылған лимиттері |
Өтінім берер алдындағы жылғы қалдықтарды орналастырудың іс жүзіндегі көлемдері |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
20__жылға |
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Барлығы, олардың ішінде алаңдар бойынша: |
|
|
|
|
1-алаң |
|
|
|
|
2 -алаң және т. б. |
|
|
|
|
5-кесте. Күкірт орналастыруға арналған лимиттер
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының атауы |
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нөмері және берілген күні |
Күкірттің нормативтік көлемі |
Күкірттің сұратылған лимиттері |
Өтінім берер алдындағы жылғы іс жүзіндегі күкірт орналастыру көлемдері |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
20__жылға |
|
|
|
|
барлығы, олардың ішінде алаңдар бойынша: |
|
|
|
|
1-алаң |
|
|
|
|
2 -алаң және т. б. |
|
|
|
|
Табиғат пайдаланушылар ұсынатын табиғат пайдалану шарттары:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қоршаған ортаға эмиссиялар осы өтінімде көрсетілгендерге сәйкес
болатындығын растаймыз.
4. Өтінімге мынадай құжаттар ұсынылады:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Заңмен корғалатын ақпараттық жүйелер қамтитын кұпия мәліметтердіқолдануға келісемін
Уәкілетті
(жеке тұлға) _____________________ ____________________________ (жеке қолы) (қолын ашып жазу)
Мөр орны
20___ жыл ____ « »
«І санаттағы объектілер үшін экологиялықрұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Ісанаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу өтінімі (табиғат пайдаланушының атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта құрылған жағдайда)
Сізден Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеуді сұраймын
_______________________________________________________________ (рұқсат рәсімделген жеке немесе заңды тұлғаның атауы) _____________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның ауыстырылған атауы)
Берілген рұқсат №
(кіммен)_______________________________________________________
_______________________________________________________________ (өтініш иесінің-ұйымның заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұратын мекенжайы
_______________________________________________________________
______________________________________________________. Табиғат пайдаланушы санаты ( өндірістік объектінің қауіптілік сыныбы)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірi/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
Өтінімге мынадай құжаттар ұсынылады:
_______________________________________________________________
Заңмен қорғалатын ақпараттық жүйелер қамтитын құпия мәліметтерді қолдануға келісемін
Уәкілетті
(жеке тұлға) ________________ ______________________ (жеке қолы) (қолын ашып жазу)
Мөр орны
20___ жыл ____ «