1. «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.
Ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша ескертулер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға I санатты объектілер үшін 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде уәжді ескертулерді жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы оларды порталда ескертулер берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жояды. Бұл ретте, 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші ескертулер бойынша өңделген құжаттарды қабылдамайды.
Олар белгіленген мерзімде жойылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.
Олар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – I санатты объектілердің мемлекеттік экологиялық сараптамасының қорытындысын осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанда немесе осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс графигі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандарда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
2) қоршаған ортаға әсер ететін межелі қызметтің жоба алдындағы және жобалау құжаттамасы жағдайда мынадай құрамда:
әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін, құжат түрінде ресімделген қоршаған ортаға әсерді бағалау (бұдан әрі – ҚОӘБ) материалдары бірге жүретін жоба алдындағы немесе жобалау құжаттамасы;
Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобалары жағдайда мынадай құрамда:
эмиссиялар нормативтері жобалары;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкелуі мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары жағдайында мынадай құрамда:
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар жобалары;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобалары жағдайда мынадай құрамда:
жаратылыстану-ғылыми негіздемелер немесе техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерлерін босалқы жерге ауыстыруға, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарының шекараларын және (немесе) аудандарын өзгертуге техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда мынадай құрамда:
әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
7) өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер болған жағдайда мынадай құрамда:
биологиялық негiздемелердің жобалары;
8) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары болған жағдайда мынадай құрамда:
әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдары бірге жүретін аумақтарды зерттеп-қарау материалдары;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;
9) жерді одан әрі шаруашылық айналымына беру үшін ядролық қаруды сынау (жүргізілген сынақтардың салдарын бағалау) нәтижелерін жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары болған жағдайда мынадай құрамда:
әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге кешендi экологиялық зерттеу материалдары;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
жобаның электрондық нұсқасы;
10) іргелес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін іргелес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша, пайдалану қажет болатын не іргелес мемлекеттердің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген мүдделерін қорғайтын шаруашылық қызметтің жобалау алдындағы құжаттамасы жағдайында мынадай құрамда:
әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін, құжат түрінде ресімделген қоршаған ортаға әсерді бағалау (бұдан әрі – ҚОӘБ) материалдары бірге жүретін жоба алдындағы немесе жобалау құжаттамасы;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 73-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлікке шағым беріледі.
Шағым жазбаша нысанда поштамен не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің - www.cerc.energo.gov.kz, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті беруге шектеуі «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-08-55, Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8-800-080-7777.
«I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Өтінім беруші (ұйымның атауы)
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы
_____________________________________________________________ (жобаның, құжаттың атауы) Материалдарды__________________________________________әзірледі. (жобаны әзірлеуші ұйымының толық атауы) Жоба материалдарына тапсырыс беруші ______________________________________________________________ (тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекенжайы) Мемлекеттік экологиялық сараптама қарауына ____________________________________________________ұсынылды. (жобалау құжаттамасының атауы, ұсынылған материалдардың, басқа құжаттардың жинағын атау) Материалдар қарауға 20___жылғы________________________келіп түсті. (кіріс нөмірі және күні)
Жалпы мәліметтер
Сараптама объектісінің орналасу ауданының физикалық-географиялық жағдайының, қоршаған ортаның фондық жағдайының, негізгі техникалық, технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін технологиялық процестерді сипаттау, баламалы нұсқаларды заманауи технологиялардың үздік аналогтарымен салыстырып қарау.
Межеленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)
Объектінің ауа ортасына, жерасты және жерүсті суларына, жер ресурстарына, жануарлар және өсімдіктер дүниесіне, жер қойнауына әсер етуінің, физикалық әсер етулердің толық сипаттамасы, апаттық жағдайлар мен экологиялық қауіп-қатерлердің болу мүмкіндігі және ықтималдығы.
Сәулеттік-жобалық құжаттамаларды, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту схемаларын, қолданыстағы кәсіпорындарды реконструкциялау (кеңейту) жобаларын қарау кезінде қоршаған табиғи ортаға әсер ету бөлігінде барлық көрсеткіштер қазіргі жағдай бойынша да, есептілік мерзімге де беріледі, сол қолданыстағы жағдайдың жай-күйі бойынша да, есептік мерзімдегі жағдай бойынша да беріледі.
Тұжырымдама
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың нәтижесі «келісілді/келісілмеді» деген тұжырымдамасы бар қорытынды болып табылады.
Уәкілетті органның сараптамалық бөлімшесінің басшысы ____________________________________________________________________ (ЭЦҚ, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сараптамалық бөлімшесінің басшысы__________________________________________ ЭЦҚ, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)
«I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Қайда ___________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
кімнен___________________________
(өтініш иесінің толық атауы)
Мекенжайы______________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон)
(Заңды немесе жеке тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі, БСН, ЖСН)
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге өтінім
____________________________________________________________________ ______________________________________________________________жобаға (жобаның толық атауын көрсету) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді сұраймын. Қоса берілген құжаттардың тізбесі: ___________________________________________________________________ Басшы ___________ __________________________________________________ (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
«___» ___________ 20 ___ жыл
«I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Қайда ____________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
кімнен_____________________________
(өтініш иесінің толық атауы)
Мекенжайы________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон)
Өтініш иесінің деректері_____________
(Заңды немесе жеке тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі, БСН, ЖСН)
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізгеннен кейін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатпен бірге беруге өтінім
____________________________________________________________________
______________________________________________________________жобаға
(жобаның толық атауын көрсету)
мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты беруді сұраймын.
1. Сұратылатын эмиссиялардың көлемдері
1-кесте. Ластаушы заттар шығарындыларының лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар |
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының сұратылатын лимиттері |
Өтінім берер алдындағы, соңғы 3 жылдағы нақты шығарындылар |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
|
1 |
2 |
3 |
20__ жылға |
|
|
Барлығы, оның ішінде алаң бойынша: |
|
|
1 алаң |
|
|
2 алаң |
|
|
|
|
|
2-кесте. Ластаушы заттар төгінділерінің лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар |
Ластаушы заттар төгінділерінің сұратылатын лимиттері |
Өтінім берер алдындағы, соңғы 3 жылдағы нақты төгінділер |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
|
1 |
2 |
3 |
20__ жылға |
|
|
Барлығы, соның ішінде су шығарымдары бойынша: |
|
|
1 су шығарымы бойынша |
|
|
2 су шығарымы бойынша |
|
|
|
|
|
3-кесте. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар |
Қалдықтардың сұратылған лимиттері |
Өтінім берер алдындағы жылғы қалдықтарды орналастырудың соңғы 3 жылдағы көлемдері |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
|
1 |
2 |
3 |
20__ жылға |
|
|
Барлығы, оның ішінде алаң бойынша: |
|
|
1 алаң |
|
|
2 алаң |
|
|
|
|
|
4-кесте. Күкіртті орналастыру лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар |
Күкірттің сұратылған лимиттері |
Өтінім берер алдындағы жылғы күкіртті орналастырудың соңғы 3 жылдағы көлемдері |
тонн/жыл |
тонн/жыл |
|
1 |
2 |
3 |
20__ жылға |
|
|
Барлығы, оның ішінде алаң бойынша: |
|
|
1 алаң |
|
|
2 алаң |
|
|
|
|
|
2. Табиғат пайдаланушылар ұсынатын табиғат пайдалану шарттары:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
3. Осы өтінімге қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Қоса берілетін құжаттар тізбесі:
_______________________________________________________________
Басшы ___________ ___________________________________________ (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«___» ____________ 20___жыл
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізгеннен кейін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатпен бірге беруге өтінімге қосымша
Нысан
Келісілді: Басшы (уәкілетті адам) ________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________ (қолы) 20___ жылғы «___» _____________ |
Бекітемін: Жеке немес заңды тұлғаның басшысы (уәкілетті адамы) ____________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________ (қолы) 20___ жылғы «___» _____________ |
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
№. р/с |
Іс-шара атауы |
Жоспарланатын жұмыстар көлемі |
Жалпы құны (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
Орындалу мерзімі |
Қаржыландыру жоспары (мың теңге) |
Іс-шарадан күтілетін экологиялық нәтиже (тонна/жылына) |
|||||
басы |
соңы |
20_жыл |
20__ жыл |
20__ жыл |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
||
1. Әуе бассейнін қорғау |
||||||||||||
1.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
2. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану |
||||||||||||
2.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
3. Жағалау жанындағы және су экожүйелерін әсер етулерден қорғау |
||||||||||||
3.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
4. Жер ресурстарын қорғау |
||||||||||||
4.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
5. Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану |
||||||||||||
5.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
6. Флора мен фаунаны қорғау |
||||||||||||
6.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
7. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен айналысу |
||||||||||||
7.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік |
||||||||||||
8.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
9. Басқару жүйелерін және ең үдік қауіпсіз технологияларды енгізу |
||||||||||||
9.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
10. Ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа әзірлемелер |
||||||||||||
10.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
11. Экологиялық ағарту және насихат |
||||||||||||
11.1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
БАРЛЫҒЫ: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |