Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
9-қосымша
«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 13.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
куәлік беру – 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей;
куәлікті қайта рәсімдеу – 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей;
куәліктің телнұсқасын беру – 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
2) көрсетілетін қызмет алушымен құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды түрде рәсімделіп, баспаға шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушылар) тегін көрсетіледі.
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде (көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері: ұйым жарғысы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі немесе анықтама немесе филиалды есептік тіркеу туралы анықтама;
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3) ұйымдардың біліктілігін халықаралық танылғандығын немесе кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша әр қайсысының екі жылдан кем емес расталған кәсіби қызмет тәжірибесі бар кемінде екі қызметкердің болуын растайтын құжат:
ұйымдарда кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша аккредиттеу үшін халықаралық танылған біліктілік тәжірибесінің болуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі Бақылаушы комитеттің аккредиттеу туралы құжатымен немесе Бақылаушы комитеттен таза даму тетігінің жобаларын басқару бойынша құжатымен немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҚ) елдерінде верификация және валидация жүргізуге аккредиттеу туралы құжатымен расталады;
кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеу үшін қызметкерлердің және олардың жұмыс тәжірибесінің болуы өтініш беру кезінде аккредиттеу жүргізуге ұйыммен қол қойылған еңбек келісім шарттарымен және қызметкерлердің екі жылдан кем емес тәжірибесін растайтын алдындағы келісім шарттарымен расталады. Бұл ретте сол бір маман екі немесе бірнеше тәуелсіз ұйымның қызметкері ретінде өтініш бермейді;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі.
куәлікті қайта рәсімдеу үшін:
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
құрылтай құжаттарының көшірмелері: ұйым жарғысы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі немесе анықтама немесе филиалды есептік тіркеу туралы анықтама;
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
ұйымдардың біліктілігін халықаралық танылғандығын немесе кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша әр қайсысының екі жылдан кем емес расталған кәсіби қызмет тәжірибесі бар кемінде екі қызметкердің болуын растайтын құжат:
ұйымдарда кәсіби қызметтің мәлімделген салалары бойынша аккредиттеу үшін халықаралық танылған біліктілік тәжірибесінің болуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі Бақылаушы комитеттің аккредиттеу туралы құжатымен немесе Бақылаушы комитеттен таза даму тетігінің жобаларын басқару бойынша құжатымен немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҚ) елдерінде верификация және валидация жүргізуге аккредиттеу туралы құжатымен расталады;
кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша аккредиттеу үшін қызметкерлердің және олардың жұмыс тәжірибесінің болуы өтініш беру кезінде аккредиттеу жүргізуге ұйыммен қол қойылған еңбек келісім шарттарымен және қызметкерлердің екі жылдан кем емес тәжірибесін растайтын алдындағы келісім шарттарымен расталады. Бұл ретте сол бір маман екі немесе бірнеше тәуелсіз ұйымның қызметкері ретінде өтініш бермейді;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі.
куәлікті қайта рәсімдеу үшін:
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініш;
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелу), құжаттарының мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушымен барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің қағаз түрінде қабылдағанын растау құжат топтамасын қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетіле отырып, оның кеңседе тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі болып табылады;
порталда – «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауды қабылдау туралы мәртебе жолданады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым келесі мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 47 08 55.
Шағым жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы почта арқылы не жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымда заңды тұлғалардың атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне қолма қол беріледі.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің - www.eco.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).
«Парниктік газдар шығарындылары мен
сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ
парниктік газдарды түгендеу туралы
есепті растау саласындағы кәсіби
верификациялық және валидациялық
(детерминациялық) қызметті жүзеге
асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
___________________________________________________________________
кәсіптік қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыру үшін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мынадай салалар бойынша жұмыстар жүргізе отырып,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
аккредиттеу жүргізуді сұраймын.
20__ жылғы «_________» _____________
Басшы: ________________________________________________________
(мөр орны) (қолы) (Т.А.Ә.)
«Парниктік газдар шығарындылары мен
сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ
парниктік газдарды түгендеу туралы
есепті растау саласындағы кәсіби
верификациялық және валидациялық
(детерминациялық) қызметті жүзеге
асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Кәсіби қызметтің мәлімделген түрлері мен салалары бойынша жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің тізімі
Р/с
№ |
Қызметкердің
Т.А.Ә. |
Тұратын
жері |
Жобаларды, парниктік
газдарды түгендеу
туралы есепті растау
бойынша жүргізілген
ұйымның атауын
көрсете отырып,
кәсіби қызметтің
мәлімделген түрлері
мен салалары бойынша
аккредиттеуге
арналған бұрынғы
жұмыс тәжірибесі |
Қызметкердің
қолы |
|
|
|
|
|