• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 10-қосымша

10-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
«Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады;
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап:
Көрстілетін қызметті берушіге- 10күнтізбелік күнаралығында;
Мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына– 10 күнтізбелік күнаралығында;
Мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына – 10 күнтізбелік күн аралығында.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзіміне кірмейді;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 20 минут, Мемлекеттік корпорацияда –15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: экологиялық ақпарат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынудың нысаны: қағаз.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбіге дейін қоса алғанда бекітілген жұмыс тәртібіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен үзеге асады, «электрондық үкімет» веб-порталының көмегімен электрондық кезекті брондауға болады.
9. Қызметті алушының немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойыншауәкілетті өкілінің өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы стандарттың 1- қосымшасына сәйкес экологиялық ақпаратты беру
осы стандарттың 1- қосымшасына сәйкес экологиялық ақпаратты беру туралы өтініш;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Жеке басты куәландыратын құжаттарлың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттарының мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызмет беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілмесе қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан ақпарат жүйесіндегі заңмен қорғалатын құпияны пайдалануға келісім алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын болған құжаттарды беру, көрсетілетін қызметті жеке басын куәландыратын құжат көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат алушы (немесе оның сенімхат бойынша нотариалды куәландырылған өкілі ) негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды жүзеге асырады, содан кейін әрі қарай оларды сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша бір жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті беруші дайын болған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті берушіде сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмауы, өтiнiш жiберiлген мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмауы; 
2) өтініш айқын негізсіз болуы немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалуы;
3) өтініш әзірлеудің ақырғы кезеңінде немесе мемлекеттік органдардың ішкі хат жазысуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңнамада немесе қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, экологиялық ақпарат беру туралы өтініштен бас тартылуы мүмкін, бұл орайда жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделілігі ескеріледі;
құпиялылық ұлттық заңнамамен қарастырылған кездегі, мемлекеттік органдар жұмысының құпиялылығына;
халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекеттікқауіпсіздікке;
сот әділдігін жасауға, адамдарға әділетті сот тергеуін жүргізу мүмкіндігіне немесе органдардың қылмыстық немесе тәртіптік сипаттағы тергеу жүргізу қабілетіне;
заңды экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында коммерциялық және өнеркәсіптік ақпараттың жасырылуына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарындылар туралы ақпарат ашып көрсетілуі тиіс;
5) ұлттық заңнама ережелеріне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге тиісті адам келісім бермеген кезде жеке адамға қатысты жеке деректердің және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;
6) егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық міндеттемемен байланысты болмаса немесе егер бұл тарапқа мұндай міндеттеме жүктелуі мүмкін болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келісім бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшінші тараптың мүдделеріне;
7) осы ақпартат қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетін түрлердің өсіп-өнетін орындарынатеріс әсер етеді
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағы 2) тармақшасындакөзделген тізбеге сәйкесМемлекеттік корпорацияға құжаттар жиынтығын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе жұмыс күндері қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданады.
1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушініңнемесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, тапсырылған шағымға жауапты алу орнымен мерзімі көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма қол және поштамен жіберілген шағымды тіркеу (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөр, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) оны қабылдауды растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерініңәрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсынажіберіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету,оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілігі болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды. 
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет сайты - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) Қызмет берушінің интернет-ресурсы: www.ecogosfond.kz, бөлім «Мемлекеттік қызмет»;
3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.goscorp.kz;
15. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары8 (7172) 58 00 58, 119 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Экологиялық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Мен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға келісемін.
«Экологиялық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету), Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес, ________________________құжаттардың толық пакетінің болмауына байланысты, Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
 ____________________________ _______________________ (Мемлекеттік корпорация ( қолы) қызметкерінің) аты-жөні
Аты-жөні (болған жағдайда) / көрсетілетін қызмет алушының қолы