Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 585 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 қарашада № 12231 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Әкімшілік департаменті (А. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн мерзімде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурстарында орналасуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 2 қазандағы
№ 585 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) іске асыру үшін әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) және оның ведомстволарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістерін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
1
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан тұрады:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
Toggle Dropdown
1
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Toggle Dropdown
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, мансаптық ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Toggle Dropdown
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
Toggle Dropdown
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Toggle Dropdown
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
Toggle Dropdown
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.
Toggle Dropdown
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы болып Министрліктің жауапты хатшысы, ведомстволарда комитет төрағасы немесе төрағаның орынбасары болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасының, ведомстволарда Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – Персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
Toggle Dropdown
2. Бағалау жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
11. Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі:
Toggle Dropdown
1) Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалау жүргізу кестесін әзірлейді;
Toggle Dropdown
2) бағалау жүргізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
Toggle Dropdown
3. Тікелей басшының бағалауы
Toggle Dropdown
12. Тікелей басшы:
Toggle Dropdown
1) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасынан, ведомстволарда Персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады;
Toggle Dropdown
2) қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасына, ведомстволарда Персоналды басқару қызметіне жолдайды.
Toggle Dropdown
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Әкімшілік департаменті кадр жұмысы басқармасының, ведомстволарда Персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Toggle Dropdown
4. Айналмалы бағалау
Toggle Dropdown
1
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Toggle Dropdown
Мұндай адамдардың тізбесін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
Toggle Dropdown
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
Toggle Dropdown
15. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасына, ал ведомстволарда Персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағасын есептейді.
Toggle Dropdown
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
Toggle Dropdown
18. Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
а = b + с
Toggle Dropdown
а - қызметшінің қорытынды бағасы,
Toggle Dropdown
b - тікелей басшының бағасы,
Toggle Dropdown
с - айналмалы баға.
Toggle Dropdown
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
21 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
Toggle Dropdown
21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
Toggle Dropdown
33 балдан жоғары - «тиімді».
Toggle Dropdown
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
1
20. Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес Бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) тікелей басшы толтырған бағалау парағы;
Toggle Dropdown
2) толтырылған айналмалы бағалау парағы;
Toggle Dropdown
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығы;
Toggle Dropdown
4) осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасы.
Toggle Dropdown
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
Toggle Dropdown
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің жұмыс нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
Toggle Dropdown
2) Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі қызметшінің бағалау нәтижесін есептеуде қате жіберсе.
Toggle Dropdown
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
22. Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасы, ведомстволарда Персоналды басқару қызметі қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде таныстырады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасының, ведомстволарда Персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Toggle Dropdown
23. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.
Toggle Dropdown
24. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Әкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасында, ведомстволарда Персоналды басқару қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
25. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
26. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметшінің шағымын түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, Министрлікке Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Toggle Dropdown
27. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Министрлік екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға береді.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Тікелей басшының бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
Toggle Dropdown
№
р/с |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні
(саны) |
Баға
(балл) |
1. |
Бастамашылығы |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 8-ге дейін |
|
3. |
Әрекеттестікке икемділігі |
2-ден 5-ке дейін |
|
4. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы) |
|
|
Toggle Dropdown
Таныстым:
Toggle Dropdown
Қызметші Тікелей басшы
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Toggle Dropdown
_______________________________ ______________________________
Toggle Dropdown
күні___________________________ күні__________________________
Toggle Dropdown
қолы___________________________ қолы__________________________
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Айналмалы бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
Toggle Dropdown
№
р/с |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні
(саны) |
Баға
(балл) |
Бағынышты адам |
1. |
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Жұмысқа ынталандыру қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
3. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
|
|
Әріптесі |
1 |
Топта жұмыс істей алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2 |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
3 |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 5-ке дейін |
|
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
|
|
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның ішінде ведомстволары (мемлекеттік органның атауы)
Toggle Dropdown
№
р/с |
Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) |
Тікелей басшының бағасы |
Айналмалы баға |
Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тексерген:
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы:_____________________________ Күні:_________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы:____________________________ Күні:_________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесі:______________________________ Күні:_________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)