Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 06.04.2018 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-кұжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. |
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі |
10 500 |
540 |
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы |
11 000 |
600 |
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. |
Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру |
10 500 |
540 |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.