Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
1-қосымша
«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11130 тіркелген) «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 сағаттың ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;
3-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуға байланысты 2 жұмыс күнінің ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына жібереді;
5-рәсім – басшылық 15 минут ішінде дәлелді бас тартуға қол қояды және жауапты орындаушы оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы дәлелді бас тартуды тіркейді және 1 күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді және комиссия отырысына дейін 5 жұмыс күні бұрын комиссияның әрбір мүшесін ұсынылған материалдармен таныстырады;
8-рәсім – комиссия ұсынылған материалдарды қарап, жауапты орындаушы 2 жұмыс күнінің ішінде хаттамамен ресімдейтін және комиссия мүшелері мен төрағасы қол қоятын шешімді қабылдайды;
3-шарт – комиссия отырысы хаттамасының негізінде теріс шешім қабылдау;
9-рәсім – жауапты орындаушы 5 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына жібереді;
4-шарт – комиссия отырысы хаттамасының негізінде оң шешімді қабылдау
10-рәсім – жауапты орындаушы 5 жұмыс күнінің ішінде энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына жібереді;
11-рәсім – басшылық 15 минут ішінде энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікке не дәлелді бас тартуға қол қояды және жауапты орындаушы оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;
12-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті не дәлелді бас тартуды тіркейді және 1 күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
7. Ұйымды аккредиттеуден бас тарту үшін негіз ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» стандарттың 9-тармағында көрсетілген кұжаттардың сәйкес келмеуі болып табылады.
Энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеуден бас тартқан кезде шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде осындай бас тартудың себебі көрсетілген дәлелденген жазбаша жауап жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы.
1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталмен хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметін таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) болуын тексеру;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-рәсім – құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;
6-рәсім – порталда сұрауды тіркеу және порталда қызметті өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
7-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті беруші деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы қалыптастырылады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді (авторизациялау процесі) енгізу процесі;
1-шарт – порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қосу арқылы оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып толтыруы (деректерді енгізуі);
4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген БСН және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
7-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) порталда тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
9-рәсім – электрондық құжатты порталда (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеру;
10-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушы деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» бизнес кітапшасы осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.
«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
| Рәсім (жұмыс барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
| Құрылымдық бөлімшенің атауы |
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы |
Көрсетілетінқызметті берушінің басшылығы |
Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы |
Көрсетілетін қызметті беруші
Басқармасының басшысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы |
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы |
| Рәсім (іс-қимыл) атауы |
Құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу |
Қарар жазу және оны көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының
қарауына жіберу |
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына
нықтау және оған құжаттарды тапсыру |
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығыны санына қарап шығу, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және оны көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысының қарауына енгізу |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына тапсыру |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жіберу, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрдене немесе пошта арқылы жібереді |
Аяқтау
нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдікшешім) |
Қарар жазу үшін құжаттардыкөрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу |
Қарар |
Қарар |
Көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюға жіберу |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жіберу |
Куәлік |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға тапсыру |
Орындау
мерзімдері |
15 минут |
күнтізбелік 1 күн |
күнтізбелік 1 күн |
күнтізбелік 22 күн |
15 минут |
күнтізбелік 1 күн |
күнтізбелік 5 күн |
| Келесііс-қимыл № |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
– |
«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы
«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетуге ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерің анықтамалығы