Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
2-қосымша
«Электр зертханасын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – электр зертханаларын аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11130 тіркелген) «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 сағаттың ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қарауына жібереді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуға байланысты 2 жұмыс күнінің ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына жібереді;
4-рәсім – басшылық 15 минут ішінде дәлелді бас тартуға қол қояды және жауапты орындаушы оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы дәлелді бас тартуды тіркейді және 1 күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді және комиссия отырысына дейін 5 жұмыс күні бұрын комиссияның әрбір мүшесін ұсынылған материалдармен таныстырады;
7-рәсім – комиссия ұсынылған материалдарды қарап, жауапты орындаушы 2 жұмыс күнінің ішінде хаттамамен ресімдейтін және комиссия мүшелері мен төрағасы қол қоятын шешімді қабылдайды;
3-шарт – комиссия отырысы хаттамасының негізінде теріс шешім қабылдау;
8-рәсім – жауапты орындаушы 5 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жібереді;
4-шарт – комиссия отырысы хаттамасының негізінде оң шешім қабылдау;
9-рәсім – жауапты орындаушы 5 жұмыс күнінің ішінде электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жібереді;
10-рәсім – басшылық 15 минут ішінде электр зертханасын аккредиттеу туралы куәлікке не дәлелді бас тартуға қол қояды және жауапты орындаушы оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;
11-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы электр зертханасын аккредиттеу туралы куәлікті не дәлелді бас тартуды тіркейді және 1 күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігі тәртібінің сипаттамасы.
1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталмен хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметін таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметікерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) болуын тексеру;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЗТ МДҚ/ ЖТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-рәсім – құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;
6-рәсім – порталда сұрауды тіркеу және порталда қызметті өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
7-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті беруші деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы қалыптастырылады.
2) көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді (авторизациялау процесі) енгізу процесі;
1-шарт – порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қосу арқылы оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып толтыруы (деректерді енгізуі);
4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
7-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) порталда тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
3-шарт – рұқсатты беру талаптары мен негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
9-рәсім – электрондық құжатты порталда (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
10-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушы деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
«Электр зертханасын аккредиттеу» бизнес кітапшасы осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.
Электр зертханаларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
| Рәсім (жұмыс барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
| Құрылымдық бөлімшенің атауы |
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы |
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы |
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы |
| Рәсім (іс-қимыл) атауы |
Құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу |
Жауапты орындаушыны айқындау және құжаттарды тапсыру |
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсыру |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу және беру |
| Аяқтаунысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) |
Қарар жазу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу |
Қарар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол коюына жіберу |
Куәлік |
Куәлікті қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы ұсыну |
| Орындау мерзімдері |
15 минут |
күнтізбелік 1 күн |
күнтізбелік 27 күн |
күнтізбелік 1 күн |
күнтізбелік 1 күн |
| Келесі іс-қимыл № |
2 |
3 |
4 |
5 |
– |
«Электр зертханаларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы
«Электр зертханаларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
="/images/642855439/10.jpg" width="868" />
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерің анықтамалығы