• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына 4-қосымша

«Энергетикалық ұйымдардың басшыларын және мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау парағы («аттестатталды» шешімі кезінде).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11130 тіркелген) «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде Аттестаттауға жататын басшылардың және сәйкесінше мамандарды аттестаттау кестесі, аттестаттау комисиясының мерзімдері мен құрамы бекітілетін бұйрықты шығарады, сондай-ақ қарар салады және бұйрықты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының басшысы аттестаттауға жататын бұйрық тізімінде бекітілген басшылар мен мамандарға аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына Энергетикалық ұйымдардың басшыларын аттестаттау кестесін және Энергетикалық ұйымдардың мамандарын аттестаттау кестесін орналастыру арқылы хабарлайды;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші аттестаттау комиссиясы 1 жұмыс күнінің ішінде емтихан өткізеді;
5-рәсім – аттестаттау комиссиясы 1 жұмыс күнінің ішінде аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделетін шешімді қабылдайды;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюына енгізеді;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы;
3) аттестаттау комиссиясы;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігі тәртібінің сипаттамасы.
1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталмен хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметін таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) болуын тексеру;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЖТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-рәсім – құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;
6-рәсім – порталда сұрауды тіркеу және порталда қызметті өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
7-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті беруші деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы қалыптастырылады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді (авторизациялау процесі) енгізу процесі;
1-шарт – порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН) мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қосу арқылы оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып толтыруы (деректерді енгізуі);
4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
7-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) порталда тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының аттетаттау парағын беруге арналған талаптар мен негізделерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
9-рәсім – электрондық құжатты порталда (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
10-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті беруші деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы 3-қосымшада және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 4-қосымшада келтірілген.
«Энергетикалық ұйымдардың басшыларын және мамандарын аттестаттау» бизнес кітапшасы осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.
«Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен
 мамандарын аттестаттау» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 1-қосымша
Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
Рәсім (жұмыс барысының, ағынының) № 1 2 3 4 5 6 7 8
Құрылымдық бөлімшенің атауы Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы Көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының басшысы Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы
Рәсім (іс-қимыл) атауы Бұйрықты қабылдау, қарар жазу және бұйрықты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысына жіберу интернет-ресурсына Энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттау кестесін және Энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттау кестесін орналастыру Аттестаттауға жататын құжаттарды қабылдайды және тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшылығына жіберу Емтиханды өткізу Атетстаттау комиссиясы отырысының хаттамасы Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюына енгізу Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсыру Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы жіберу
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) Энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттау кестесі және Энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттау кестесі интернет-ресурсында Энергетика ұйымдарының басшыларын аттестаттау кестесін және Энергетика ұйымдарының мамандарын аттестаттау кестесін орналастыру құжаттарды жинау және тіркеу емтихан Атетстаттау комиссиясы отырысының хаттамасы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюына жіберу аттестаттау парағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
Орындау мерзімдері 1 жұмыс күні 2 сағат 20 жұмыс күні 2 жұмыс күні 1 жұмыс күні 1 жұмыс күні 1 жұмыс күні 2 жұмыс күні
Келесі іс-қимыл № 2 3 4 5 6 7 8 -
«Энергетикалық ұйымдардың басшылары
 мен мамандарын аттестаттау»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
 2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы
«Энергетикалық ұйымдардың басшылары
 мен мамандарын аттестаттау»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
 3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетуге ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:
«Энергетикалық ұйымдардың басшылары
 мен мамандарын аттестаттау»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
 4-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетуге ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне 5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерің анықтамалығы