Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11817 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.02.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығы (Нормативті құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9536 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (27933) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті (А.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |