Toggle Dropdown
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/898 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12248 болып тіркелді
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/898 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендік қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсірілген екпелер;
3) вегетациялық кезең – өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
4) географиялық дақылдар – жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
5) климатип – белгілі бір климаттық жағдайлардың әсерімен қалыптасқан экотип;
6) клон – вегетативтік көбейту жолымен бір бастапқы дарақтан немесе апомиктикалық тұқымнан алынған және бірдей генотипі бар барлық ұрпақтардың (рамет) жиынтығы;
7) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
8) орман тұқымы плантациясы (бұдан әрі – ОТП) – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы жоғары сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелі жоғары түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды, немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;
9) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
10) сынақ дақылдары – генетикалық бағалау мақсатында арнайы әдістемемен артықшылығы бар ағаштарының, артықшылығы бар екпелердің, бірінші реттік орман тұқымы плантациялардың және тұрақты орман тұқым учаскелерінің тұқымдық ұрпағынан құрылған орман дақылдары.
2. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау тәртібі
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттауды осы салада мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) жүзеге асырады.
4. Мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен мынадай құрамда аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады:
1) мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының орынбасары (комиссия төрағасы);
2) мамандандырылған ұйымның мамандары;
3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі;
4) аумағында селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер анықталған мемлекеттік орман иеленушінің өкілі.
5. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау:
1) анықталған және құрылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің аттестаттауға дайындығына қарай кез келген уақытта вегетациялық кезең ішінде;
2) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді алдын ала есепке алу және іріктеу бойынша материалдар бар болған кезде жүзеге асырылады.
6. Комиссия селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтаған ұйым өкілдерінің және мемлекеттік орман иеленуші өкілдерінің қатысуымен жергілікті жерге барып тексереді және олардың нысаналы мақсатқа сәйкес келуін айқындайды. Тексеруді жүргізу мерзімі бір селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектіге 3 жұмыс күн есебінен белгіленеді.
7. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді тексеру нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау нәтижелері туралы актісінде (бұдан әрі – акт) көрсетіледі. Акт тексеру аяқталғаннан кейін бірден жасалады және оған қол қойылады.
Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда Комиссия актіге қол қойғаннан кейін күнтізбелік 3 күн өткен соң селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер аттестатталған болып есептеледі.
8. Анықталған және құрылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер өздерінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия теріс қорытынды береді.
9. Актіге қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерге Комиссия осы Қағидаларға 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша паспорттарды толтырады. Паспорттарға орамдық желіге немесе басқа тұрақты бағдарларға байланыстырылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің орналасуының сызбалық жоспарлары қоса беріледі.
10. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерге паспорттар алты данада: біріншісі – мемлекеттік орман иеленуші; екіншісі – мемлекеттік орман иеленуші қарауында болатын мемлекеттік орган; үшіншісі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, төртіншісі – мамандандырылған ұйым, бесіншісі – уәкілетті орган және алтыншысы – селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтаған ұйым үшін жасалады.
11. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер:
1) жергілікті жерде арнайы белгілерімен шектеледі, оларға осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген орман шаруашылығы белгілері басылады;
2) осы Қағидаларға 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тізілімдерге енгізіледі. Жиынтық ведомості мамандандырылған ұйым толтырады және жүргізеді.
3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді есепке алу тәртібі
12. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді есепке алу, олардың жай-күйіне және нысаналы пайдаланылу дәрежесіне талдау жасау үшін мамандандырылған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және мемлекеттік орман иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп жыл сайын оларды тексеріп отырады.
13. Вегетациялық кезеңде көзбен шолып қарау жолымен тексеру барлық аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерде жүргізіледі.
14. Тексеру көлемі объектілердің алаңына байланысты болады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес айқындалады.
15. Әрбір селекциялық-генетикалық мақсаттағы объект бойынша оның қаз-қалпында ресімделуінің (шекаралық белгілердің және оларда жазбалардың болуы), оның жай-күйінің (ағаштарды зиянкестердің бүлдіру және ауруға шалдығу, механикалық зақымдар белгілерінің болуы, ұшарбаста кеуіп бара жатқан бұтақтардың сипаты және болуы, екінші қабаттың өсуі, ағаш астында өсімдіктердің өсуі), нысаналы пайдаланылуының сапасы (бүрлер, жемістер, тұқымдар, қалемшелер дайындау), сондай-ақ паспорттағы немесе жиынтық ведомостағы жазбалардың нақты деректерге сәйкестігі айқындалады.
16. Мамандандырылған ұйым тексеру материалдарын талдайды және уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне жыл сайын ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейін селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы осы Қағидаларға 15 және 16-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша және оларды одан әрі пайдалану, қаз-қалпында ресімдеу, реконструкциялау (қалпына келтіру) немесе есептен шығару бойынша ұсыныстар енгізеді.