1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына 2-қосымша
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 жылғы № 14 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар:
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация);
4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы бұйрығы.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінсе, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және мөрмен расталып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен қол қойылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз.
1-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тіркелу орны бойынша/нөмірлеу ресурсын пайдалану орны бойынша көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз электрондық кезек күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішт пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелсін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға:
нөмірлеу ресурсын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксін алу үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар тізбесіне қосымша оператор қатысатын әрбір өңірде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мақсатында желілері қосылатын стандартты нүктесі болып табылатын оператордың транзиттік коммутациялық станциялардың тізбесі ұсынылады;
жаңадан енгізіліп отырған қызметке немесе бұрыннан қолданыстағы қызметке қол жеткізу кодын пайдалана отырып, байланыс қызметтерін көрсететін «Х1 Х2 Х3 Х4 » оператордың кодын алу үшін құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
көрсетілетін қызметтің толық сипаттамасы;
ұсынылатын байланыс қызметін көрсету тәсілінің нақты сипаттамасы;
шақыруларды тарифтеу және бағыттау жөніндегі ұсыныстар.
«Х4 Х5 Х6 Х7 » көрсетілетін қызметтер абоненттерінің логикалық нөмірлерін байланыс операторы (қызмет провайдері) қызметті абоненттеу кезінде бөледі;
нөмірлеу ресурсын алып қою үшін:
көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің нөмірлеу ресурсын бөлу жөніндегі бұйрығы туралы мәліметтерді көрсете отырып ресімдеген бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекттік ақпарттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, одан кейн осы құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
2) порталға:
нөмірлеу ресурсын алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекетттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдеген бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазба;
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксін алу үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар тізбесіне қосымша оператор қатысатын әрбір өңірде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мақсатында желілері қосылатын стандартты нүктесі болып табылатын оператордың транзиттік коммутациялық станциялардың тізбесі ұсынылады;
жаңадан енгізіліп отырған қызметке немесе бұрыннан қолданыстағы қызметке қол жеткізу кодын пайдалана отырып, байланыс қызметтерін көрсететін «Х1 Х2 Х3 Х4 » оператордың кодын алу үшін құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |