• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2019 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 cәуірдегі № 531 бұйрығына 3-қосымша

«Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
порталға жүгінген сәттен бастап – 25 (жиырма бес) жұмыс күні.
Халықаралық үйлестiруді жүргізу қажет болған жағдайда мерзімі төрт айдан аспайтын уақытқа ұзартылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалануға рұқсат, не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінсе, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және мөрмен расталып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен қол қойылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызметті көрсету үшін ақы төлеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. порталға:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, пайдалануға жоспарланған РЭҚ ерекшеліктері, байланысты ұйымдастыру сызбасы егжей-тегжейлі баяндалады. Оның ішінде, түсіндірме жазбаға:
HUB-станциясымен спутниктік байланысты ұйымдастыру үшін бөлінетін радиожиілік номиналдарын (жолағын), ЭИСҚ, сәуле шығару класы, VSAT-станциялар үлгісін көрсете отырып, спутниктік байланыс операторы хатының көшірмесін;
Қазақстан Республикасының аумағында геостационарлық емес спутниктерді пайдалану үшін Халықаралық электр байланыс одағының Радио байланыс регламентіне сәйкес геостационарлық емес спутниктік желісін тіркеуге Халықаралық электр байланыс одағының оң қорытындысының көшірмесі;
телерадио хабарларын тарату үшін жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілікті арналарды) бөлу бойынша өткізілген конкурстың оң нәтижесі;
Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасының аумағында РЖС рұқсатын алуға келісім туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хатының көшірмесі қоса беріледі;
РЭҚ-ға тиісті радиобайланыс түріне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін техникалық деректерімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама).
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы жүгінген жағдайда, «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауды қабылдау туралы мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты (егер қағаз тасығышта берілсе, алу орнын көрсету қажет) көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
1) мәлімделген радиожиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арнасының) ұлттық жиіліктер белдеулерін бөлу кестесіне сәйкес келмеуі;
2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәуле шығару және қабылдау параметрлерінің радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарына, нормаларына сәйкес келмеуі;
3) қолданыстағы және пайдаланылуы жоспарланған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының теріс қорытындысы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте пайдаланушыларға бұрын иелікке берілген мәлімделген радиожиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасын) азаматтық пайдаланушылардың пайдалануы;
5) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретін, байланыс саласындағы радиожиіліктерді пайдаланатын кәсіпкерлік қызмет түріне тиісті лицензияның болмауы;
6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасын) Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің теріс нәтижелері;
7) радиожиілікті (радиожиілік арнасын) халықаралық үйлестіру рәсімдерін жүргізудің, егер мұндай рәсім Халықаралық электрбайланыс одағының радиобайланыс регламентінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, теріс нәтижелері болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.miс.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған мекен-жайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, 14- кіреберіс, 8 (7172) 74-03-64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда поштамен, портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнінің бірінші әріптерін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өндеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).