• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру
Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2019 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 cәуірдегі № 531 бұйрығына 4-қосымша

  • 1
«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық түрде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.12.2017 жылғы № 429 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 2,  3-қосымшаларына сәйкес ресімделген электрондық және (немесе) қағаз түріндегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (РЭҚ және ЖЖҚ) пайдалануға рұқсат.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық және немесе қағаз түрінде. 
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. 
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінсе, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және мөрмен расталып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен қол қойылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін. 
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз электрондық кезек күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады; 
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорация:
жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
уәкілетті органның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомствасымен келісілген жобалық құжатқа санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі (егер РЭҚ-қа немесе жобалық құжатқа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдеу көзделген болса);
РЖС рұқсатының көшірмесі (егер РЖС рұқсатын ресімдеу көзделген жағдайда);
құрылғыны шеттен әкелгенде Қазақстан Республикасының РЭҚ және ЖЖҚ сәйкестігі туралы берілген сертификат немесе декларация көшірмесі (егер жабдық Кеден одағына мүше мемлекеттен әкелінген болса, Кеден одағына мүше мемлекеттің РЭҚ және ЖЖҚ сәйкестігі туралы берілген сертификаты ұсынылады);
қағаз немесе электрондық түрде ЭМҮ қорытындысының көшірмесі (ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша радиобайланыстың тиісті түріне ресімделген РЭҚ, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖҚ сауалнамасы.
Жеке басты куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), мемлекеттік сантарлық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген РЭҚ санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы, РЭҚ пайдалану рұқсаттары (егер РЭҚ пайдалану рұқсатын ресімдеу көзделген болса) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы сәйкес мемлекттік ақпарттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарып, құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. 
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін жазбаша келісімін алады. 
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке кәулікті көрсеткенде (немесе оның өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, бұдан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзімі өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация сұрауы бойынша мемлекеттік қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті берушіге сұрау жолдайды. Мемлекеттік қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға дайын құжаттарды беру үшін жібереді.
2) порталға: 
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
уәкілетті органның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомствасымен келісілген жобалық құжатқа санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі (егер РЭҚ-қа немесе жобалық құжатқа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдеу көзделген болса);
РЖС рұқсатының көшірмесі (егер РЖС рұқсатын ресімдеу көзделген жағдайда);
құрылғыны шеттен әкелгенде Қазақстан Республикасының РЭҚ және ЖЖҚ сәйкестігі туралы берілген сертификат немесе декларация көшірмесі (егер жабдық Кеден одағына мүше мемлекеттен әкелінген болса, Кеден одағына мүше мемлекеттің РЭҚ және ЖЖҚ сәйкестігі туралы берілген сертификаты ұсынылады);
ЭМҮ қорытындысының көшірмесі (ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша радиобайланыстың тиісті түріне ресімделген РЭҚ, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖҚ сауалнамасы.
РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысы электронды түрде алынған жағдайда, РЭҚ сауалнамасы талап етілмейді.
Жеке басты куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), мемлекеттік сантарлық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген РЭҚ санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы, РЭҚ пайдалану рұқсаттары (егер РЭҚ пайдалану рұқсатын ресімдеу көзделген болса) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы сәйкес мемлекттік ақпарттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін келісімін алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыдан талап етуге рұқсат берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы жүгінген жағдайда «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауды қабылдау туралы мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты (егер қағаз тасығышта берілсе, алу орнын көрсету қажет) көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.