1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Продукты: | Законодательство |
Тип документа: | Кодекс |
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 394-V Заңы
Редакция 11.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы «жағдайдағы қызметті қоспағанда, табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге де қызметті жүзеге асыруға» деген сөздер «жағдайдағы» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«ол шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған жағдайдағы қызметті қоспағанда, табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге де қызметті жүзеге асыруға;»;
2) 18-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген қызметті қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңмен рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына уәкілетті органның алдын ала хабарламасын не келісімін алу талап етіледі. Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды орындауына байланысты оның өзге қызметті жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды;»;
3) 18-4-баптың 2-1 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;
2) табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға қойылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға сай келмеген;
3) электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;
4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алған;
5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.»;
«9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілері компанияларына қолданылмайды.».
2. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
1) 1-бапта:
«2-1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2-2) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 2-3), 15-2), 18-2), 22-2), 23-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-3) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;»;
«15-2) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;»;
«18-2) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;»;
«22-2) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«23-1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;»;
«26-1) ұлттық оператор – жүйелік оператор жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сатуды қоспағанда, электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын, сондай-ақ осы Заңда көзделген функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
31-1) және 31-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;
31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);»;
31-3) тармақша алып тасталсын;
31-4), 31-5) және 31-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф – жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылар салуға тендер жеңімпаздары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тариф;
31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;
31-6) электр қуатының нарығы – энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;»;
31-7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31-8) тармақшамен толықтырылсын:
«31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы – электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;»;
33) және 33-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы, ұлттық оператор;
33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;»;
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы – мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алу-сатуға, жүйелік және қосалқы қызметтер, электр қуаты нарығында қызметтер көрсетуге байланысты қатынастар жүйесі;»;
Отызыншы абзац осы Заңның 2-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Отызыншы абзац осы Заңның 2-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
42) тармақша алып тасталсын;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) энергетикалық сараптама – электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;»;
2) 5-бапта: