Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
2
"Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 30.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы порталға тапсырылған сәттен бастап:
Toggle Dropdown
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету - электрондық түрде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:
Toggle Dropdown
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 22 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды.
Toggle Dropdown
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) лицензия алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі заңды немесе жеке тұлға үшін өтініш;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төлем жүргізу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
Toggle Dropdown
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі заңды немесе жеке тұлға үшін өтініш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
Toggle Dropdown
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі заңды немесе жеке тұлға үшін өтініш;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым төлегенін растайтын мәліметтер;
Toggle Dropdown
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төленген туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмады;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының лицензияны алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
Toggle Dropdown
4) лицензиялық алым енгізілмеген;
Toggle Dropdown
5) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
Toggle Dropdown
6) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;