• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 4-қосымша

4-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес  
«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 30.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. 
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы басып шығарылады.
6-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз;
мемлекеттік қызмет электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның сенімхат арқылы өкілі) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттардың тiзбесi:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжат – шетелдік заңды тұлға үшін;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат – шетелдік жеке тұлға үшін;
экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген, өнімді әкетуге рұқсатының бар екендігі туралы құжат;
егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан растау хаты ұсынылады;
оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хаты;
егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайта қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (көрсетілетін қызметті беруші атына жіберілетін) жүк жөнелтушiнiң хаты;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдарды бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімін және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (ұйғарым, жүктеу құжаты, қорытынды) ұсынады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген құжат сондай-ақ қосымша электронды түрінде word немесе excel форматында ұсынылады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы абзацтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерінде ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасының төртінші, тоғызыншы, оныншы абзацтарында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетiлген құжатты беру елдің заңнамасында көзделмесе, түсіндіру хаты ұсынылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін осы құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады;
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi әкетуге рұқсатының бар екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан растаушы хаты ұсынылады;
оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу анықталған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хатының электрондық көшірмесі;
егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайта қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (көрсетілетін қызметті берушіге атына жіберілетін) жүк жөнелтушi хатының электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімін және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (ұйғарым, жүктеу құжаты, қорытынды) ұсынады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші абзацтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерінде қоса ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасының үшінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетiлген құжатты беру елдің заңнамасында көзделмесе, түсіндіру хаты ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, жеке кәсiпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-62, 75-48-60.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі;
шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды;
шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып өзгеде талаптар
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. 
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация жұмыскері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
4-тарау 16-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Экспорттық бақылауға жататын
 өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
 стандартына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
 № __ өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш

1.____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

2. Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________________

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда; елі, заңды мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы)

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

4. Баратын ел:

5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

6. Баратын елі:

7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті

- кіру:

- шығу:

9. Көлiк түрi:

10. Келісімшарттың валютасы:

11. Өнімнің атауы:

12. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды:

14. Өлшем бiрлiгi:

16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны:

13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

15. Саны:

17. Сыртқы сауда келiсiмшарты, нөмірі және күнi:

18. Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің өтініш берілетін түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

20. Рұқсаттың ерекше шарттары:

21. Өтініш берушіден ________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөрдің орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20___ жылғы «___» _______________

22. Көрсетілетін қызметті беруші _________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

20__жылғы «____»_________________ өтініш қарауға алынды

«Экспорттық бақылауға жататын
 өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
 стандартына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша өзгерітлді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығымен (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер

Көрсеткіштер

Көрсеткіш мазмұны

Ескертпе

1

Жүктің толық атауы


 


 

2

Өлшем бірлігі


 


 

3

Саны


 


 

4

Қауіптілік сыныбы


 


 

5

БҰҰ коды


 


 

6

ҮЖН коды


 


 

7

ЕЭК СЭҚ ТН коды


 


 

8

Көрсетілетін қызметті алушы

толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны


 


 

9

ҚР аумағы бойынша экспедитор

толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

су көлігімен тасымалданған жағдайда талап етілмейді)

шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

10

Тасымалдаушының ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға арналған лицензиясы

лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы

ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау кезінде

11

Жүктерді күзету ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

(теміржол және су көлігімен тасымалдаған жағдайда талап етілмейді)

күзетілетін өнімнің номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

12

Жүкті физикалық қорғау жөніндегі ұйымының күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат

күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы


 

13

Көлік түрі

теміржол, автомобиль немесе су, немесе әуе

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде көлік құралының деректері қосымша көрсетіледі

14

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың нөмірі (1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде)

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес көлік қауіптілігінің 1.4 кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде талап етілмейді

 

15

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) нөмірі

1.4 көлік қауіптілігінің кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде

куәліктің көшірмесі қоса беріледі

16

Жүк жөнелтуші толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны


 


 

17

Жүк алушытолық атауы, заңды мекенжайы, телефоны


 


 


 

Тасымалдау маршруты:


 


 

18

Жөнелтуші пунктінің атауы, елі


 


 

19

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу пунктінің атауы


 


 

20

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты

темір жол көлігімен тасымалдау кезінде толтырылмайды

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде маршрут арнайы рұқсатқа сәйкес көрсетіледі

21

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу пунктінің атауы


 


 

22

Межелі пунктінің атауы, елі


 


 

23

Тасымалдау мерзімікүні, айы, жылы - күні, айы, жылы


 

өтініштің 5-бағанына сәйкес

24

Үшінші адамдарға және қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы деректер

сақтандыру компаниясының атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді

25

Авариялық карточканың нөмірі (қауіпті жүктер транзитінде)

автомобиль көлігімен 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат бар болған кезде талап етілмейді

өтініш берушінің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған авариялық карточканың көшірмесі қоса беріледі

26

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты

көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

 Көрсетілетін қызметті алушы ___________ __________________________________________ лауазымы, қолы (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
 Күні ______________
«Экспорттық бақылауға жататын
 өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
 стандартына 3-қосымша
Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
 _____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі-Т.А.Ә) не ұйымының атауы)
 _______________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
  1) _______________________________;
  2) _______________________________;
  3) _______________________________.
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден жасалды.
ТАӘ (бар болса) («Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
  Орындаушы: ТАӘ (бар болса) _________________
  Телефоны _________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (бар болса)/қолы
  20__ ж. «___» _________