Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
5-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 30.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
Toggle Dropdown
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттiк қызметкөрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесікөрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
Toggle Dropdown
1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.
Toggle Dropdown
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) лицензия алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтініш;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органдардың келісімін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді. Мемлекеттік органдар рұқсат беруші органның сұрау салуы негізінде, өтініш берушінің заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы жауапты үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Toggle Dropdown
2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы 3 тармағына сәйкес, келісуші мемлекеттік органдардан жауап алынған соң лицензия беріледі;"
Toggle Dropdown
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтініш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
Toggle Dropdown
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтініш;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеуге лицензиялық алым төлегенін растайтын мәліметтер;
Toggle Dropdown
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төленген туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
Toggle Dropdown
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
Toggle Dropdown
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.