• Мое избранное
Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 7-қосымша

7-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 30.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Порталға өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
лицензияны беру кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде- 3 (үш) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызметкөрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi –экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорты және (немесе) импортына арналған лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесікөрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензия алу үшін:
құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын мәліметтер;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметтіалушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы төленгені туралы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
11-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзгеде талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. 
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Экспорттық бақылауға жататын
 өнімді экспорттауға және импорттауға
 лицензия беру» мемлекеттiк
 көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН)

3. Әзірлеуші (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН (Қазақстан Республикасының резиденті үшін)

4. Сатып алушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

5. Соңғы тұтынушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органы

7. Лицензияның әрекет ету мерзімі

8. Лицензияны сұрау үшін негіз (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы өзге иеліктен шығару құжаты)

9. Өнімнің атауы

10. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосалқы)

13. Жиынтық саны

14. Келісімшарт валютасы

15. Келісімшарт валютасындағы жалпы құны

16. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк атауы

17. Осымен:

өтініш берушінің ақпараттық жүйелерде көрініс табатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өз келісімін беретіні;

өтініш берушіге қатысты қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) жоқ екені;

барлық ұсынылған құжаттар анық және жарамды болып табылатындығы расталады.

18. Өтініш берушіден: Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)___________

Лауазымы_____________________________________________

Күні___________________________

19. Лицензияның ерекше шарттары

«Экспорттық бақылауға жататын
өнімді экспорттауға және импорттауға
лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға лицензия алу үшін өтiнiш

1. Өтініш №

2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН)

3. Соңғы тұтынушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы БСН/ЖСН)

4. Сатушы (толық атауы, ел, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

5. Шыққан елі

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органы

7. Лицензияның әрекет ету мерзімі

8. Лицензияны сұрау үшін негіз (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы өзге иеліктен шығару құжаты)

9. Өнімнің атауы

10. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосалқы)

13. Жиынтық саны

14. Келісімшарт валютасы

15. Келісімшарт валютасындағы жалпы құны

16. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк атауы

17. Осымен:

өтініш берушінің ақпараттық жүйелерде көрініс табатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өз келісімін беретіні;

өтініш берушіге қатысты қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңы күшіне енген шешімінің (үкімінің) жоқ екені;

барлық ұсынылған құжаттар анық және жарамды болып табылатындығы расталады.

18. Өтініш берушіден:

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)___________

Лауазымы ________________________________________________________

Күні_______________________

19. Лицензияның ерекше шарттары

«Экспорттық бақылауға жататын
 өнімді экспорттауға және импорттауға
 лицензия беру» мемлекеттiк
 көрсетілетін қызмет стандартына
 3-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты мен импорты жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - талаптар) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес:
Талаптар мыналардың болуын қамтиды:
сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келiсiмшартының (шартының) немесе өзге де иелiктен шығару құжатының өтiнiм берушiнiң мөрiмен және қолымен куәландырылған көшiрмесi;
егер өтiнiм берушi ретiнде делдал әрекет етсе, экспорттаушы мен өндiрушi немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың өтiнiм берушiнiң мөрiмен және қолымен куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасынан импортталатын өнiмнiң тек түпкi пайдаланушы елдiң мұқтажы және қазақстандық тараптың келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшiн ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдiң мiндеттемелерiн қамтитын алушы елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген түпкi пайдаланушы сертификаты (экспорттық бақылауға жататын өнiмдi экспорттаған кезде).
1-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезiнде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдiң құзыреттi мемлекеттiк органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың ресми түпнұсқасы;
импорттау кезiнде - Қазақстан Республикасындағы түпкi пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының ресми түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдiң құзыреттi органдары берген тауардың шығу тегi туралы сертификаттың көшiрмесi;
растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негiзiнде немесе оларды пайдалану нәтижесiнде өндiрiлген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндiру үшiн немесе қандай да бiр әскери мақсатқа қол жеткiзу үшiн пайдаланылмайтыны;
оларды iс жүзiнде пайдаланудың бүкiл мерзiмi iшiнде Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң (МАГАТЭ) кепiлдiгiнде тұратындығы;
МАГАТЭ ұсынғаннан төмен болмайтын деңгейлердегi физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етiлетiндiгi;
осы талаптардың тек 1-тармағының 1) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң жазбаша келiсiмi болған кезде керi экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдiң заңды құзырынан берiлетiнi туралы мiндеттемелердi қамтуы тиiс;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткiзушiлер тобы (ЯЖТ) үшiн ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиiстi технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезiнде - Қазақстан Республикасындағы түпкi пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдiң құзыреттi органдары берген тауардың шығу тегi туралы сертификаттың көшiрмесi;
растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негiзiнде немесе оларды пайдалану нәтижесiнде өндiрiлген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндiру үшiн немесе қандай да бiр әскери мақсатқа қол жеткiзу үшiн пайдаланылмайтыны;
МАГАТЭ кепiлдiгiнде тұрмаған ядролық отын циклi саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;
осы талаптардың тек 1-тармағының 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң жазбаша келiсiмi болған кезде керi экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдiң заңды құзырынан берiлетiнi туралы мiндеттемелердi қамтуы тиiс;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
3) иондаушы сәуле шығару көздерiнiң және изотоптардың, рентгендiк, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленудi (қосалқы бөлшектердi қоспағанда) пайдалануға негiзделген аппаратураның импорты кезiнде:
тиiстi аумақтағы мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында рәсiмделген тапсырыс-өтiнiмнiң түпнұсқасы;
тауар шыққан елдiң құзыреттi органы берген тауардың шығу тегi сертификатының көшiрмесi немесе тауарды алғаннан кейiн ұсынылғаны туралы кепiлдiк хаты;
иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (тек медициналық рентген жабдықтарына ғана);
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
4) жарылғыш материалдардың экспорты (импорты) кезiнде (аңшылық оқ-дәрiсiнен басқа):
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшiн) рұқсаттың (куәлiктiң) көшiрмесiн;
аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сақтау үшiн қойманы (базистiк, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
жарылғыш материалдарды автомобиль көлiгiмен тасымалдаған жағдайда, аумақтық жол полиция органы рұқсат берген қауiптi жүктердi тасымалдауға көлiк құралына берiлген рұқсаттың, тасымалдауға арналған рұқсаттың және қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына арналған лицензияның көшiрмелерiн;
5) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезiнде:
аумақтық iшкi iстер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшiн) берген лицензияның көшiрмесi;
аумақтық iшкi iстер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшiрмесi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшiн қойманы (базистiк, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың, куәлiктiң көшiрмесiн;
6) 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезiнде:
экспортталатын өнiмге техникалық ұсыныс (авангардтық жоба) немесе техникалық жоба;
ескертпе: импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалылығын тексерудi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.