1. «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 10-қосымша
10-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
«Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 30.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
3-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз;
мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады;
3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 9-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;
егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;
ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда)куәландырылған болуы тиіс;
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін осы құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық расталған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;
көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
2) порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесiнің электрондық көшірмесі;
сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының электрондық көшірмесі;
егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының электрондық көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда)расталған болуы тиіс.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.
9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 10-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығымен (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.
Шағым пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып өзгеде талаптар
4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
_________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген куәлігінің № - жеке кәсіпкер үшін; өтініш берушінің заңды тұлғасының толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің заңды тұлғасының мемлекеттік тіркеу куәлігінің немесе анықтамасының № – заңды тұлға үшін.)
Мекенжай______________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көшесінің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі, телефоны)
Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкiлікті пайдаланушының сертификатын) алуға арналған ӨТIНIШ
Кепiлдiк мiндеттемені (түпкiлікті пайдаланушы сертификатын) беруді сұраймын.
_________парақ қоса беріледі
Осымен:
Көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беретіндігі;
Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтату немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкім) жоқтығы.
қоса беріліп отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады.
Өтініш берушіден _______________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні 20___жылғы «______»__________________
«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі
СЕРТИФИКАТ № | ||
1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) БИН (ЖСН) | 2. Импорттаушы ел | |
3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) | 4. Экспорттаушы ел | |
5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы) | 6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат | |
7. Өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны | 8. Өнімді түпкі пайдалану | |
9. Өнімнің атауы | 10. Өнімнің СЭҚ ТН бойынша коды | 11. Өнімнің бақылау тізімдері бойынша коды |
12. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні) | 13. Өлшем бірлігі | 14. Саны |
15. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген тауарды Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген тауарды 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің басқа субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенеді | ||
17. Импорттаушы Т.А.Ә. Лауазымы Қолы, М.О. Күні |
18. Түпкі пайдаланушы Т.А.Ә. Лауазымы Қолы, М.О. Күні |
Сыртқы жағы
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне қосымша
Р/с № |
Өнімнің атауы | СЭҚ ТН бойынша коды | Бақылау тізімдері бойынша коды | Саны | Өлшем бірлігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
4. | |||||
5. | |||||
Барлығы парақ Парақ № |
Импорттаушы Т.А.Ә. Лауазымы Қолы, М.О. Күні |
Түпкі пайдаланушы Т.А.Ә. Лауазымы Қолы, М.О. Күні |
«Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нұсқа
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты бар болса (бұдан әрі - Т.А.Ә) _______________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
1) _______________________________;
3) _______________________________.
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._________________
Телефоны _________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы
20__ ж. «___» _________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |