Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
11-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 30.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда, 7 (жеті) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрiнде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесi - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Toggle Dropdown
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
Toggle Dropdown
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
Toggle Dropdown
тауардың фотосуретi (бар болған жағдайда).
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
Toggle Dropdown
құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Toggle Dropdown
2) порталға:
Toggle Dropdown
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
Toggle Dropdown
тауардың фотосуреттерiнің электрондық көшірмелері (бар болған жағдайда).
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Экспорттық бақылау жүйесіне тартылған мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді. Экспорттық бақылау жүйесіне тартылған мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті алушының сауалы негізінде он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жауап жібереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.
Toggle Dropdown
9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Toggle Dropdown
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.
Toggle Dropdown
Шағым пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Toggle Dropdown
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзгеде талаптар
Toggle Dropdown
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Toggle Dropdown
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Toggle Dropdown
«Тауарларды, технологияларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын
өнімге жатқызу туралы қорытынды беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметтi алушының толық атауы)
Toggle Dropdown
Заңды (нақты) мекенжайы: _______________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №, телефон)
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелерi
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес- сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Toggle Dropdown
Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды алуға
Toggle Dropdown
«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды берудi сұраймыз.
Toggle Dropdown
Басшы ______________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
«Тауарларды, технологияларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын
өнімге жатқызу туралы қорытынды беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Toggle Dropdown
Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтердi, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды алу үшiн мәлiметтер нысаны*
Toggle Dropdown
1) тауардың атауы: _________________________________________;
Toggle Dropdown
2) экспорт/импорт: __________________________________________;
Toggle Dropdown
2) кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң өнім
Toggle Dropdown
номенклатурасы бойынша код № (он белгi): __________________________;
Toggle Dropdown
3) тауардың техникалық сипаттамасы (сипаттау), химиялық
Toggle Dropdown
құрамы: ___________________________________________________________;
Toggle Dropdown
4) сатушы ұйым, экспорттаушы ел: _____________________________;
Toggle Dropdown
5) тауардың функциялары: _____________________________________;
Toggle Dropdown
6) тауарды қолдану аясы (саласы): ____________________________;
Toggle Dropdown
7) түпкi пайдалану, түпкi пайдаланушы, әкелу/әкеті мақсаты:
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________.
Toggle Dropdown
Ескертпе: * көрсетілетін қызметті алушы қаруға қатысты
Toggle Dropdown
қорытынды алуға жүгінген кезде мыналардан тандау керек:
Toggle Dropdown
6) тармақшада:
Toggle Dropdown
а) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрамалары, мемлекеттік арнаулы және құқық қорғау органдары мен олардың бөліністерінде жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған;
Toggle Dropdown
б) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, мүлігін қорғау, қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын, құнды және қауіпті жүктерді, арнайы корреспонденцияларды қорғау мақсатында заңды және жеке тұлғалармен пайдалануға арналған;
Toggle Dropdown
в) азаматтар өзін-өзі қорғау, спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдалануға арналған.
Toggle Dropdown
7) тармақшада:
Toggle Dropdown
а) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрамалары, мемлекеттік арнаулы және құқық қорғау органдары мен олардың бөліністері;
Toggle Dropdown
б) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шекте заңды және жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
в) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шекте Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары.
Toggle Dropdown
«Тауарларды, технологияларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын
өнімге жатқызу туралы қорытынды беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша