• Мое избранное
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қазанда № 12183 болып тіркелді

Редакция 26.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.08.2020 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2021 жылғы № 327 Бұйрығына сәйкес (02.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.10.2022 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес (09.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясаты және қаржы құралдары департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков 
«КЕЛІСІЛГЕН»                   «КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі                 Ұлттық экономика министрі 
____________ Б. Сұлтанов       ______________ Е. Досаев 
2015 жылғы «___» __________    2015 жылғы 14 қыркүйек 
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-1/71 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 жылғы № 323 Бұйрығымен (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2018 жылғы № 441 Бұйрығына сәйкес (20.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.08.2020 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау тәртібін, сондай-ақ «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2021 жылғы № 327 Бұйрығына сәйкес (02.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2021 жылғы № 327 Бұйрығына сәйкес (02.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.05.2024 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган (көрсетілетін қызметті беруші));
2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші));
3) банк – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
4) жеке кабинет – пайдаланушының (қарыз алушының, кепілгердің/сақтандыру ұйымының, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің))/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) субсидиялауға арналған электрондық тізілімдегі жеке веб-парақшасы;
5) жеке шот – субсидиялауға арналған электрондық тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
6) кепілгер – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы;
7) кепілдік – кепілгердің қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитордың алдындағы ортақ жауапкершілігін ішінара растайтын құжат;
8) кепілдік көлемі/сақтандыру сомасы – оған кепілдік берілген немесе талап ету құқығы басталған кезде кепілгердің/сақтандыру ұйымының кредитор алдындағы жауапкершілігінің шекті көлемі болып табылатын қарыздың бір бөлігі сақтандырылған қаражат сомасы;
9) кепілдік шарты – қарыз алушы, кредитор (-лар) және кепілгер арасында жасалған жазбаша келісім;
10) кепілдік бойынша төлем/сақтандыру төлемі – талап ету құқығы басталған кезде кепілдік/сақтандыру сомасы көлемі шегінде кепілгер/сақтандыру ұйымы кредиторға төлейтін қаражат сомасы;
11) кепілдік жөніндегі комиссия/сақтандыру сыйлықақысы – қарыз алушы және (немесе) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші)/уәкілетті орган (көрсетілетін қызметті беруші) кепілгерге/сақтандыру ұйымына соңғылардың талап ету құқығы басталған кезде кредиторға кредиттің кепілдендірілген/сақтандырылған бөлігін төлеуді жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлемдер түрінде төлейтін қаражат сомасы;
12) кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтінім – кепілдендіру бойынша субсидия алуға өтінім бергенге дейін кепілгердің субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде субсидия сомасын резервке қоюға арналған электрондық өтінімі.
13) кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінім – қарыз алушының кредиттері бойынша берілген комиссияның бір бөлігін субсидиялауға берілетін кепілгердің электрондық өтінімі;
14) кредит – банктің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, аймақтық инвестициялық орталықтарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, микроқаржы ұйымдарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит шарты бойынша қарыз алушыға беретін қарыз қаражаты;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2024 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес (15.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.06.2024 жылдан бастап)
15) кредитор – екінші деңгейдегі банктер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар еншілес ұйымдары (бұдан әрі − еншілес ұйымдар), аймақтық инвестициялық орталықтары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2024 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес (15.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.06.2024 жылдан бастап)
16) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
17) кредиттік шарт – банк пен кәсіпкер арасындағы жазбаша келісім, оның шарты бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредит шартына кредиттік желіні ашу туралы келісім де кіреді;
Ислам Банкі үшін кредиттік шарт деп қаржыландыру шарты түсініледі – ислам банкі мен қарыз алушы арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша ислам банкі қарыз алушыға -сатып алушыға немесе тауар сатушыға коммерциялық кредит береді. Қаржыландыру шартына сондай-ақ бас қаржыландыру келісімі жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен қарыз алушы коммерциялық кредит (қаржыландыру) беру туралы жекелеген шарттар жасасады. Коммерциялық кредит деп исламдық банктердің қарыз алушының сауда делдалы ретінде қарыз алушының сауда қызметін қарыз алушыға тауар бағасынан және тауарға үстеме бағадан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыра отырып немесе бөліп-бөліп төлей отырып тауарды сату жолымен қаржыландыруы түсініледі;
18) қарыз алушы – кредитормен кредиттік шартты жасасқан агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2024 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес (15.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.06.2024 жылдан бастап)
19) портфельдік кепілдендіру – кепілгер кредитор үшін белгілеген лимит шеңберінде қарыз алушыларға кепілдіктер беру нысаны;
20) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
21) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
22) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – СМАЖ веб-порталы) – Интернет желісінде орналастырылған, СМАЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
23) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидия алуға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, кредиторлар туралы мәліметтер жиынтығы және СМАЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;
24) талап ету құқығы – оның басталуымен кепілдендіру/сақтандыру шарты кепілдік бойынша төлемді/сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
25) ұсыныс – электрондық цифрлық қолтаңбалар қойылған, қарыз алушы мен сақтандыру ұйымының субсидиялау шартын жасасуға арналған бірлескен электрондық ұсынысы;
26) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын, электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-1. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде, жергілікті бюджеттен қаражат бөлу кезінде субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті берушімен) жүзеге асырады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде республикалық бюджеттен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкімет резервінен және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаражат бөлу кезінде уәкілетті орган (көрсетілетін қызметті берушімен) жүзеге асырады.
1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.05.2024 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2024 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес (15.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.06.2024 жылдан бастап)