• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 28 мамырдағы № 638 бұйрығына 2-қосымша

«Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электронды (жекелеген автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (қимылдың) бастамасына негіз болып Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11431 тіркелген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 564 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» 9-тармағында қарастырылған құжаттардың болуы табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) қызмет берушінің кеңсесінің қызметкерімен өтінімді қабылдау және он бес минут ішінде тіркелу нөмері мен күнін бере отырып тіркеу (өтінімді қағаз түрінде беру кезінде);
2) кеңсе қызметкерімен бір сағат ішінде өтінімді өңдеу және порталға жіберу (өтінімді қағаз түрінде беру кезінде);
3) қызмет көрсетушінің басшылығымен екі сағат ішінде порталдағы өтінімді қарауға жауапты бөлімшені және орындаушыны анықтау;
4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысымен алты күнтізбелік мерзімде өтінімді қарастыру;
5) жауапты орындаушымен бір сағаттың ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындау және құрылымдық бөлімшенің басшылығына келісуге енгізу;
6) құрылымдық бөлімшенің басшылығымен бір сағаттың ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қою;
7) бір сағаттың ішінде қызмет көрсетушінің кеңсесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесін тіркеу;
8) бір сағаттың ішінде қызметалушыға Қорытынды ұсыну.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (қимылдың) нәтижесі, ол мынадай рәсімдерді (қимылды) орындаудың бастамасы үшін негіз болып табылады:
1) Мемлекеттік қызметті алуды қажет ететін қызметалушының өтінімін қызмет берушінің кеңсесінде қабылдау және тіркеу (өтінімді қағаз түрінде беру кезінде);
2) порталға өңделген өтінімді орналастыру;
3) өтінімді қарастыру;
4) жауапты орындаушымен көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеу;
5) порталда қызмет беруші басшысының резолюциясы;
6) қызмет беруші басшысының қолы;
7) мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін тіркеу;
8) қызметалушыға Қорытынды беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) тізімі:
1) қызмет берушінің басшысы;
2) құрылымдық бөлімшенің жетекшісі;
3) жаупты орындаушы;
4) қызмет берушіні кеңсесінің жұмысшысы.
8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмысшылары) арасында рәсімнің (қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінде ақпараттық жүйені қолдану тәртібі осы тәртіптің 1-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-рәсімінің анықтамасына сай келеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы.
1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МД АЖ) логин және құпия сөз енгізуі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – «Е-лицензиялау» МД АЖ-да құпия сөз және логин арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
2-рәсім – «Е-лицензиялау» МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанының шығуы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізу;
4-рәсім – жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖТ МД)/заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЗТ МД) электрондық үкіметтің шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды жіберу;
2-шарт – ЖТ МД-да/ЗТ МД-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің бар-жоғы тексеру;
5-рәсім – ЖТ МД-да/ЗТ МД-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаның қалыптасуы;
6-рәсім – қағаз нысанындағы құжаттардың бар-жоғы туралы белгілер бөлігінде сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерлеу және сұрау нысанына оларды тіркеу;
7-рәсім – сұраудың «Е-лицензиялау» МД АЖ-да тіркеу және көрсетілетін қызметтің «Е-лицензиялау» МД АЖ-да өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – «Е-лицензиялау» МД АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұралған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып қалыптастырылады.
2) көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдерің (іс-қимылдарың) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы порталда, көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігінің орнатылуы көрсетілетін қызметті алушының порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін құпия сөзді енгізуі рәсімі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – порталда логині (жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және құпия сөзі арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректер дұрыстығының тексерілуі;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау нысанының шығуы және көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау нысанына қоса бере отырып, толтыруы (деректерді енгізуі);
4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және оның қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректері сәйкестігінің тексерілуі;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының түпнұсқасының расталмауына байланысты сұратылған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
6-рәсім – қызмет көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанының (енгiзiлген деректердің) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылуы (қол қою);
7-рәсім – электрондық құжаттың (көрсетілетін қызметті алушы сұрауының) «Е-лицензиялау» МД АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МД АЖ-да сұраудың өңделуі;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және құжатты беруге арналған негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – «Е-лицензиялау» МД АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаның жасалуы;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде порталдың функционалдық өзара әсері осы тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес диаграммаға сай келеді.
«Қазақстан Республикасында шикізат
 тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік
 алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы)
 және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы
 қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің
 тәртібіне 1-қосымша
«Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерісінің анықтамасы (мемлекеттік қызметтің атауы)
«Қазақстан Республикасында шикізат
 тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік
 алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы)
 және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы
 қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің
 тәртібіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде порталдың функционалдық өзара әсерінің диаграммасы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы