• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 12 қазандағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12280 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 21 шілдесінен бастап ҚР Бас прокурорының 18.05.2017 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:  
1. Бекітілсін: 
  • 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті. 
2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 67 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9630 тіркелген, 2014 жылдың 27 тамызында «Әділет» атты ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай - Комитет): 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы С.М. Айтпаеваға жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев