• Мое избранное
Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 640 бұйрығына 2-қосымша

«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 10.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 жылғы № 498 Бұйрығына сәйкес (02.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.08.2019 жылдан бастап)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз 
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне - қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу немесе стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес, өтініш беру болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына береді;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді;
4) салалық басқарма басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға жібереді;
5) орындаушы бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қарауға ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады (ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне жасалу (рәсімделу) дұрыстығын тексереді), декларацияны тіркеуге шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6) салалық басқарма басшысының екі сағат ішінде декларацияны тіркеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының екі сағат ішінде декларацияны тіркеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (не оны алмастыратын адам) екі сағат ішінде декларацияны тіркеу шешімге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
9) екі сағат жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу және беру.
6. Мынадай рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастаудың негізі ретінде қолданылатын мелекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі:
1) құжатты тіркеу;
2) басшының бұрыштамасы; 
3) жауапты орындаушысын тағайындау;
4) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту;
5) декларацияны тіркеу немесе бас тарту дәйекті жауапты ресімдеу;
6) көрсетілетін мемлекеттік қызмет шешіміне қол қою;
7) көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісіне көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) басшының бағыттаушы орынбасары;
4) салалық басқарма басшысы;
5) салалық басқарманың жауапты орындаушысы.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті іс-шаралардың (іс-әрекеттердің) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9 тармағында қарастырылған құжаттарын қабылдауы және кіріс нөмірі мен қабылдау күнін көрсету арқылы кіріс құжаттамасын тіркеу журналына тіркеуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының қарастыруына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 
3) басшысының бағыттаушы орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының орындауына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 
4) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының қарастыруы және орындаушыны тағайындауы. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
5) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын бір күн ішінде қарастыруы және толықтығын тексеруі, құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда орындаушы қарастырудан бас тартуды дайындайды, егер қарастыруға қабылданған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу электронды түрде рәсімделеді. Орындау ұзақтығы – төрт жұмыс күн;
6) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы құжаттарды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің заңнамаға сәйкестік нәтижесін қарастырып, рәсімделген құжатты келісімдейді. Орындау ұзақтығы – екі сағат.
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы қабылданған шешімді келісімдеуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (немесе оның орынбасарының) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы қабылданған шешімге қол қоюы. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – МДБ) беру немесе электрондық форматта рәсімделіп, қағазға шығарылып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. Орындау ұзақтығы – екі сағат.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді мемлекеттік қызмет көрсету процесінде пайдалану тәртібінің сипаттауы
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, сұрауды өңдеу ұзақтығын сипаттау;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) көрсетілетін қызметті алушының сұрауының Мемлекеттік корпорацияда өңделу ұзақтығы – жиырма минуттан көп емес;
3) Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауымен электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады.
Мемлекеттік корпорация операторы құжаттар топтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен (бұдан әрі – ЗТ МДБ) деректерін салыстырып тексереді және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Мемлекеттік корпорация операторы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды қабылдаған кезде, Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10. Мемлекеттік корпорацияның біріктірілген ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының сұрауын тіркеген және өңдеген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің іс-қимылдарын сипаттау:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды, құжаттар түскен күні Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне (маманына) береді (он бес минут);
2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторының қызметкері (маманы) құжаттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін курьерге береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттарды қабылдаған күн ішінде);
3) көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне төрт сағат ішінде береді. Бұл ретте, курьер көрсетілетін қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп белгі қояды;
5) Мемлекеттік корпорация курьері Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (екі сағат);
6) жинақтау секторының қызметкері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қабылдайды және Мемлекеттік корпорацияның беру секторының қызметкеріне жібереді (бір сағат);
7) талон негізінде және жеке куәлігін және/немесе сенімхат көрсеткен кезде, Мемлекеттік корпорацияның беру секторының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (он бес минут);
8) егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) жүйелілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1, 2-диаграммаларында көрсетілген.
Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу үшін арыз бергенде:
1) қызмет алушы порталда өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үрдіс – қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін порталда ЖСН/ БСН және парольді енгізуі (авторластыру үрдісі);
3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің түпнұсқалылығын тексеру;
4) 2-үрдіс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде байқалған бұзушылықтарға байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 
5) 3-үрдіс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраныс нысанына электрондық түрде қажетті құжаттарды тіркеумен нысандарды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұранысты қанағаттандыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркелген куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – ЭЦҚ тіркелу куәлігінің жарамдылық мерзімін және оның тізімде болуы не болмауын (жойылуын), сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы тіркелу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН) сәйкестігін порталда тексеру; 
7) 4-үрдіс – қызмет алушының ЭСҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны жасау;
8) 5-үрдіс – электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ-да сұрауды өңдеу;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
10) 6-үрдіс – «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілген қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойыла отырып құрастырылады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар және шешімдер (мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы регламентке 2-қосымшада берілген:
1) 1-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің «Е-лицензиялау» МДБ арқылы логин мен пароль (авторизациялау үрдісі) енгізуі;
2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгендігі туралы деректердің түпнұсқалылығын «Е-лицензиялау» МДБ арқылы тексеру;
3) 2-үрдіс - осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламентте берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіні таңдау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұраныс нысанын экранға шығару және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі;
4) 3-үрдіс – «электронды үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) жіберу;
5) 2-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
6) 4-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің ЗТ МДБ-да болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыпастыру;
7) 5-үрдіс – қағаз түріндегі құжаттардың болуы туралы белгілеу бойынша сұраныс нысанын толтыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеуі және оларды сұраныс нысанына тіркеуі;
8) 6-үрдіс – сұранысты «Е-лицензиялау» МДБ-да тіркеу және өңдеу;
9) 3-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
10) 7-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеуі;
Өтінішті өңдегеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі былай ұсынылады:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет тарихындағы «кіріс құжатын қарау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі дисплей экранына шығады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі тұтынушының «Adobe Acrobat» форматындағы магниттік тасығышында сақталады.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің кезектілігін, халыққа қызмет көрсету орталығымен және мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін жан-жақты сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Қауіпті өндіріс объектісінің
 өнеркәсіптік қауіпсіздік
 декларацияларын тіркеу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалды өзара іс-әрекеттің № 1 диаграммасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалды өзара іс-әрекеттің № 2 диаграммасы
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік
қауіпсіздік декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үрдістерінің анықтамалығы