Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 3-қосымша
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 10.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру немесе стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес, өтініш беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері екі сағат ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді;
4) салалық басқарма басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға жібереді;
5) орындаушы күнтізбелік он екі күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қарауға ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады (ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне жасалу (ресімделу) дұрыстығын тексереді), рұқсат беруге шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
6) салалық басқарма басшысының төрт сағат ішінде рұқсат беруге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының төрт сағат ішінде рұқсат беруге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (не оны алмастыратын адам) екі сағат ішінде рұқсат беруге арналған шешімге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
9) екі сағат жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу және беру.
6. Мынадай рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастаудың негізі ретінде қолданылатын мелекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі:
3) жауапты орындаушысын тағайындау;
4) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту;
5) аттестатты немесе бас тарту дәйекті жауапты ресімдеу;
6) көрсетілетін мемлекеттік қызмет шешіміне қол қою;
7) көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттауы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылған:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
4) салалық басқарманың басшысы;
5) басқарманың жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері (қызметкерлері) арасындағы ресімдерді (іс-әрекеттерді) сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарын қабылдауы және кіріс нөмірі мен қабылдау күнін көрсету арқылы кіріс хат-хабарды тіркеу журналына тіркеуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жетекшілік ететін орынбасарының қарастыруына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
3) басшысының жетекшілік ететін орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының орындауына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының қарастыруы және орындаушыны тағайындауы. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын бір күн ішінде қарастыруы және толықтығын тексеруі, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда орындаушы қарастырудан бас тарту туралы жауап, қарастыруға қабылдаған жағдайда рұқсат беруге шешімді ресімдеу не электрондық түрде бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Орындау ұзақтығы күнтізбелік он екі күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысының рұқсатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауапты тексеруі және келісуі. Орындау ұзақтығы – төрт сағат.
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы шешімді келісуі. Орындау ұзақтығы – төрт сағат;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (немесе оны ауыстыратын тұлғаның) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы қабылданған шешімге қол қоюы. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – МДБ) беру не электрондық форматта ресімделіп, қағазға шығарылып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. Орындау ұзақтығы – екі сағат.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді мемлекеттік қызмет көрсету процесінде пайдалану тәртібінің сипаттауы
9. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, сұранысты өңдеу ұзақтығын сипаттау;
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) көрсетілетін қызметті алушының сұрауының Мемлекеттік корпорацияда өңделу ұзақтығы – жиырма минуттан көп емес;
3) көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауымен электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады.
Мемлекеттік корпорация операторы құжаттар топтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен (бұдан әрі – ЗТ МДБ) деректерін салыстырып тексереді және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Мемлекеттік корпорация операторы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды қабылдаған кезде, Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10. Мемлекеттік корпорацияның біріктірілген ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының сұрауын тіркеген және өңдеген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің іс-қимылдарын сипаттау:
1) Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды, құжаттар түскен күні Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне (маманына) береді (он бес минут);
2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторының қызметкері (маманы) құжаттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін курьерге береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттарды қабылдаған күн ішінде);
3) көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік он үш күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне төрт сағат ішінде береді. Бұл ретте, курьер көрсетілетін қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп белгі қояды;
5) Мемлекеттік корпорация курьері Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (екі сағат);
6) жинақтау секторының қызметкері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қабылдайды және Мемлекеттік корпорацияның беру секторының қызметкеріне жібереді (бір сағат);
7) талон негізінде және жеке куәлігін және/немесе сенімхат көрсеткен кезде, Мемлекеттік корпорацияның беру секторының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (он бес минут);
8) егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) жүйелілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1, 2-диаграммаларында көрсетілген.
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін арыз бергенде:
1) қызмет алушы порталда өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үрдіс – қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін порталда ЖСН/ БСН және парольді енгізуі (авторластыру үрдісі);
3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің түпнұсқалылығын тексеру;
4) 2-үрдіс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде байқалған бұзушылықтарға байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үрдіс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраныс нысанына электрондық түрде қажетті құжаттарды тіркеумен нысандарды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұранысты қанағаттандыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркелген куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт –ЭЦҚ тіркелу куәлігінің жарамдылық мерзімін және оның тізімде болуы не болмауын (жойылуын), сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы тіркелу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН) сәйкестігін порталда тексеру;
7) 4-үрдіс – қызмет алушының ЭСҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны жасау;
8) 5-үрдіс – электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ-да сұрауды өңдеу;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
10) 6-үрдіс – «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілген қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойыла отырып құрастырылады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар және шешімдер (мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы регламентке 2-қосымшада берілген:
1) 1-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің «Е-лицензиялау» МДБ арқылы логин мен пароль (авторизациялау үрдісі) енгізуі;
2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгендігі туралы деректердің түпнұсқалылығын «Е-лицензиялау» МДБ арқылы тексеру;
3) 2-үрдіс - осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламентте берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіні таңдау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұраныс нысанын экранға шығару және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі;
4) 3-үрдіс – «электронды үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) жіберу;
5) 2-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
6) 4-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің ЗТ МДБ-да болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыпастыру;
7) 5-үрдіс – қағаз түріндегі құжаттардың болуы туралы белгілеу бойынша сұраныс нысанын толтыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеуі және оларды сұраныс нысанына тіркеуі;
8) 6-үрдіс – сұранысты «Е-лицензиялау» МДБ-да тіркеу және өңдеу;
9) 3-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
10) 7-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеуі;
Өтінішті өңдегеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі былай ұсынылады:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет тарихындағы «кіріс құжатын қарау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі дисплей экранына шығады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі тұтынушының «Adobe Acrobat» форматындағы магниттік тасығышында сақталады.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің кезектілігін, халыққа қызмет көрсету орталығымен және мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін жан-жақты сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды, қауіпті
техникалық құрылғыларды қолдануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалды өзара іс-әрекеттің № 1 диаграммасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалды өзара іс-әрекеттің № 2 диаграммасы
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық құрылғыларды,
материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үрдістерінің анықтамалығы