• Мое избранное
Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 640 бұйрығына 4-қосымша

«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регнламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Осы Регламент өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығымен сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығымен сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды,
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.03.2019 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес (02.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жарылғыш заттарды және олардың негізіндегі бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: электронды.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтініш пен қажетті құжаттарды беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді;
3) салалық басқарма басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға орындауға жібереді;
4) орындаушы 1 (бір) жұмыс күні iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту хатын дайындайды, ұсынылған құжаттардың толық фактісі анықталған жағдайда 4 (төрт) жұмыс күні iшiнде құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді және рұқсат беруге шешімді рәсімдейді;
5) салалық басқарма басшысының бір сағат ішінде рұқсат беруге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының бір сағат ішінде рұқсат беруге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (не оны алмастырушы адамның) екі сағат ішінде рұқсат беруге арналған шешімге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастаудың негізі болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимыл) нәтижесі:
1) құжатты тіркеу;
2) басшының қарары;
3) жауапты орындаушыны тағайындау;
4) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту;
5) мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шешімді ресімдеу;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
4) салалық басқарманың басшысы;
5) басқарманың жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының қарастыруына береді. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
2) басшы орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының орындауына береді. Орындау ұзақтығы – бір сағат;
3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының қарастыруы және орындаушыны тағайындауы. Орындау ұзақтығы – бір сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі:
ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда орындаушы бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға әрі қарай қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жібереді;
ұсынылған құжаттар стандарт талаптарына сәйкес келген жағдайда ұсынылған құжаттарды қарайды және жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беруге шешімді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысының құжаттарды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін заңнамаға сәйкестігіне қарастыруы және рәсімделген құжатты келісуі. Орындау ұзақтығы – бір сағат;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қабылданған шешімді келісуі. Орындау ұзақтығы – бір сағат;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (не оны алмастырушы адамның) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы шешімге қол қоюы. Орындау ұзақтығы – екі сағат;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – МДБ) беру.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі мен ресімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігінің тәртібі осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетуге қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-қимылының № 1, 2 диаграммаларында көрсетілген.
Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат алуға өтінішті берген кезде:
1) қызметті алушы порталға өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/ БСН және парольді енгізеді (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түрде сұрау нысанына жалғай отырып, форматты талаптар мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру үшін ЭСҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – ЭСҚ тіркелу куәлігінің жарамдылық мерзімін және оның тізімде болмауын (жойылуын), сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестегін порталда тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;
8) 5-процесс – электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрауды «Е-лицензиялау» МДБ өңдеу;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін рәсімдеуі;
10) 6-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ пайдаланып қалыптастырады.
Өтінішті өңдегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі мынадай түрде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсету тарихындағы «шығыс құжатын қарау» түймешесін басқаннан кейін – сұрану нәтижесі дисплей экранына шығады;
«сақтау» түймешесін басқаннан кейін – сұрану нәтижесі тұтынушының «PDF» форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының бірізділігінің толық сипаттауда, соңдай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттамасы осы регламентінее 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
ұдайы қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалды өзара іс-қимылдың диаграммасы
 
 
«Жарылғыш заттар мен олардың 
негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы 
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
 
*ҚФБ – құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-әрекеттері;