Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына
1-қосымша
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 30.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі:
1) теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензияны беру, қайта ресімделген лицензияны беру (бұдан әрі - лицензия);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген), (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес электрондық өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
жауапты орындаушысымен өтінішті 1 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы;
2) қайта ресімделген лицензияны беру:
жауапты орындаушымен өтінішті 2 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері: