Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына
2-қосымша
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 30.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі;
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) беру және (немесе) Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген), (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9 – тармағына сәйкес электрондық өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимыл) оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы қажетті құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және порталға жүгінген кезде жауапты орындаушының өтінішті 5 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарауы;
2) ақпараттық жүйе арқылы Мемлекеттік корпорация немесе порталға көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электронды түрде куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберуі – 15 минут ішінде.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттарды қарауы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәлік/хабарламаға немесе бас тартуға қол қоюы;
3) Көлік комитетінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) куәлік/хабарламаны жолдауы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау