1. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)