Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 4-қосымша
«Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 30.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – куәліктің телнұсқасы) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері (өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда) өтінішті тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып 2 сағат ішінде қабылдауы және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының 2 сағат ішінде өтінішті қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының 2 сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің өтінішке жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындауы;
4) жауапты орындаушының 2 сағат ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде бас тартуды беруді қамтамасыз етеді.
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
6 жұмыс күні ішінде куәлік беруді;
1 жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын беруді қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды ресімдеу;
2) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу;
3) куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына не бас тартуға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюы;
4) қол қойылған куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
5) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысы;
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді;
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 2 сағат ішінде бас тартуды ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына жолдайды;
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына жолдайды:
куәлікті беру кезінде 5 жұмыс күні ішінде;
куәліктің телнұсқасын беру кезінде 2 сағат ішінде;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары 2 сағат ішінде куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына не бас тартуға қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 4 сағат ішінде куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
4 тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариат куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхатты береді.
10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік кызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
Көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының № 1, 2-диаграммаларында көрсетілген:
1) Куәлікті алуға өтінім берген кезде:
1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу);
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
5-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық мекенжайына көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін бірегей нөмірі бар өтініш келеді;
6-процесс - көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарға қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті ұсынады;
2-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының жеке басын (сәйкес келуін) тексеруі және өтініштің стандарттың 9-қосымшасына сәйкес келуін тексеруі;
7-процесс – 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
8-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
3-шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
9-процесс - 3-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
10-процесс – куәлікті беру және (немесе) оның электрондық почтасына куәліктің дайын екені туралы хабарлама жіберу.
2) Куәліктің телнұсқасын алуға өтінім берген кезде:
1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, жеке кабинетіне кіруі, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу), өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы;
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
2-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді тексеруді жүзеге асырады;
5-процесс - 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
6-процесс – куәліктің телнұсқасын беру және (немесе) оның электрондық мекенжайына куәліктің телнұсқасының дайын екені туралы хабарлама жіберу.
12. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесі анықтамалығында көрсетілген.
«Шағын көлемді кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу және шағын
көлемді кеменің ипотекасының
мемлекеттік тіркеуді растайтын
құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1-диаграммасы
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2-диаграммасы
«Шағын көлемді кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу және шағын
көлемді кеменің ипотекасының
мемлекеттік тіркеуді растайтын
құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы