Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 5-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 30.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – куәліктің телнұсқасы) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып 2 сағат ішінде қабылдауы (өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда) және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 сағат ішінде өтінішті қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
Toggle Dropdown
3) құрылымдық бөлімше басшысының 2 сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің өтінішке жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындауы;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушының 2 сағат ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;
Toggle Dropdown
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде бас тартуды беруді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
Toggle Dropdown
6 жұмыс күні ішінде куәлік беруді;
Toggle Dropdown
1 жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын беруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
Toggle Dropdown
1) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды ресімдеу;
Toggle Dropdown
2) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу;
Toggle Dropdown
3) куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына не бас тартуға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюы;
Toggle Dropdown
4) қол қойылған куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
Toggle Dropdown
5) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға беру.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысы;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушы.
Toggle Dropdown
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін береді;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына береді;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді;
Toggle Dropdown
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 2 сағат ішінде бас тартуды ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына жолдайды;
Toggle Dropdown
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына жолдайды:
Toggle Dropdown
куәлікті беру кезінде 5 жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
куәліктің телнұсқасын беру кезінде 2 сағат ішінде;
Toggle Dropdown
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасары 2 сағат ішінде куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына не бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
Toggle Dropdown
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 4 сағат ішінде куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Toggle Dropdown
4 тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариат куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Toggle Dropdown
Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхатты береді.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік кызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының № 1, 2-диаграммаларында көрсетілген:
Toggle Dropdown
1) Куәлікті алуға өтінім берген кезде:
Toggle Dropdown
1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу);
Toggle Dropdown
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
Toggle Dropdown
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
Toggle Dropdown
3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
Toggle Dropdown
4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
Toggle Dropdown
5-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық мекенжайына көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін бірегей нөмірі бар өтініш келеді;
Toggle Dropdown
6-процесс - көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарға қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті ұсынады;
Toggle Dropdown
2-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының жеке басын (сәйкес келуін) тексеруі және өтініштің стандарттың 9-қосымшасына сәйкес келуін тексеруі;
Toggle Dropdown
7-процесс – 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
Toggle Dropdown
8-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
Toggle Dropdown
3-шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9-процесс - 3-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
Toggle Dropdown
10-процесс – куәлікті беру және (немесе) оның электрондық почтасына куәліктің дайын екені туралы хабарлама жіберу.
Toggle Dropdown
2) Куәліктің телнұсқасын алуға өтінім берген кезде:
Toggle Dropdown
1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, жеке кабинетіне кіруі, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу), өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы;
Toggle Dropdown
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
Toggle Dropdown
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
Toggle Dropdown
3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
Toggle Dropdown
4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
Toggle Dropdown
2-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді тексеруді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
5-процесс - 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
Toggle Dropdown
6-процесс – куәліктің телнұсқасын беру және (немесе) оның электрондық мекенжайына куәліктің телнұсқасының дайын екені туралы хабарлама жіберу.
Toggle Dropdown
12. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесі анықтамалығында көрсетілген.
Toggle Dropdown
«Кеме ипотекасын мемлекеттік
тіркеу және кеме ипотекасының
мемлекеттік тіркелгенін
растайтын құжаттардың телнұсқасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1-диаграммасы
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2-диаграммасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
«Кеме ипотекасын мемлекеттік
тіркеу және кеме ипотекасының
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Шартты белгілер:
Toggle Dropdown