Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 7-қосымша
«Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті
Редакция 30.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кеме куәлiгi (бұдан әрі – куәлiк), кеме куәлiгiнің телнұсқасы (бұдан әрі – куәлiктің телнұсқасы) және кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркеу нөмірін және күнін белгілей отырып 2 сағат ішінде қабылдауы (өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда) және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының 2 сағат ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының 2 ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындауы;
4) жауапты орындаушының 2 сағат ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде бас тартуды беруді қамтамасыз етеді;
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
куәлікті және анықтаманы 6 жұмыс күні ішінде;
куәліктің телнұсқасын 1 жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) куәлікті, куәлік телнұсқасын, анықтаманы рәсімдеу және құрылымдық бөлімше басшысымен келісу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен куәлікке, куәлік телнұсқаға, анықтамаға қол қою;
3) қол қойылған куәлікті, куәлік телнұсқасын, анықтаманы көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді;
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 2 сағат ішінде бас тартуды ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына жолдайды;
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына жолдайды:
куәлікті және анықтаманы беру кезінде 5 жұмыс күні ішінде;
куәліктің телнұсқасын беру кезінде 2 сағат ішінде;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 2 сағат ішінде куәлікке, куәліктің телнұсқасына не бас тартуға қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 4 сағат ішінде куәлікті, куәліктің телнұсқасын немесе анықтаманы не бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
4 тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариат куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхатты береді.
10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік кызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
Көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсеткен кезде Көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушы үдерістері (іс-қимылдары) реттілігінің және жүгіну тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 1, 2 диаграммаларында көрсетілген:
1) Куәлікті алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
5 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
6 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
2 шарт - Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
8 үдеріс - Көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;
3 шарт - Ақпараттық жүйе Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
9 үдеріс - 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
10 үдеріс – куәлікті беру және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктін дайын болғаны туралы хабарлама жіберу.
2) Куәліктің телнұсқасын алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының кеме билетін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
2 шарт – Ақпараттық жүйе, көрсетілетін қызмет берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінімін тексереді.
5 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
6 үдеріс – кеме билетінің телнұсқасын шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кеме билетінің телнұсқасы дайындығы туралы хабарлама жіберу.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің анықтамалығында көрсетілген.
«Мемлекеттік кеме тізілімінде
ішкі суда жүзетін кемелерді,
«өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу » мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Портал арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
«Мемлекеттік кеме тізілімінде
ішкі суда жүзетін кемелерді,
«өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу » мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы