Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 тамыздағы
№ 18-02/739 бұйрығына
4-қосымша
«Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілеріне ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілеріне ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, табиғат қорғау мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz,, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жазбаша рұқсат.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағымемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11662 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілеріне ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттары қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қарауға беруі (30 минут);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскеріне (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
орындаушының 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарауы;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде).
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;