Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 тамыздағы
№ 18-02/739 бұйрығына
8-қосымша
«Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 29.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу» мемлекеттік қызметін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісімдеу-хат.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағымемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11662 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) «Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу» мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттары қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қарауға беруі (30 минут);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (2 (екі) жұмыс күні ішінде). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде).
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижелері: