Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 11-1-2/328 бұйрығына
11-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Toggle Dropdown
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің өтініштерді қабылдауы, тіркеуы - 1 жұмыс күн;
Toggle Dropdown
2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің құжаттарды тексеруі және қарастыруы, теңiз наразылығы туралы акт жасауы - 1 жұмыс күн;
Toggle Dropdown
3) 3-процесс - теңiз наразылығы туралы актіні беру - 1 жұмыс күн.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
Toggle Dropdown
1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
Toggle Dropdown
2-процесс бойынша - қызмет көрсетушінің лауазымды адамының теңіз наразылығы туралы актіге қол қоюы;
Toggle Dropdown
3-процесс бойынша - қол қойылған теңiз наразылығы туралы акт беру.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы қатысады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді, құжаттарды тексеруді және қарастыруды, теңіз наразылығы туралы актіні жасауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының шетелде
орналасқан кемелері апатқа ұшыраған
жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт
жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Toggle Dropdown
