• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығына 7-қосымша

«Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 23.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан 
әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, табиғат қорғау мекемесі (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді. 
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.