• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығына 9-қосымша

«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 23.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу» мемлекеттік қызметі (бұдан 
әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты - 30 минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау шеңберінде республикалық бағдарламаны іске асыру бойынша іріктеуге қатысу туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушылар) тегін көрсетіледі. 
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11663 болып тіркелген) бекітілген Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.