Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 7-1/764 бұйрығына 4-қосымша
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 11.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, оны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы, не осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға берген өтінішін қабылдайды және тіркейді, жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысына (бұдан әрі – басшы) жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшы өтінішті қарап, орындаушыны айқындайды және оған орындауға жолдайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған өтінішпен танысады құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні;
өтініш беруші толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде басшылық қол қойған өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жібереді;
лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді – он бес жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді – үш жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын ресімдейді – екі жұмыс күні;
басшылыққа мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша қол қоюдан дәлелді бас тартуды қол қою үшін жолдайды құжаттардың топтамасын берген күнінен бастап – көрсетілген мерзімдерде;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы ұсынылған құжаттарды қарастырады, қол қояды (электрондық құжатқа электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) тіркелген өтініш, өтінішті басшылыққа жолдау;
2) басшылықтың өтініштерді қарауы және орындаушыны анықтауы және оған орындауға жолдауы;
3) өтінішпен танысу, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, жауапты тұлғаның ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты ресімдеуі (қайта ресімдеуі) және қол қою үшін басшылыққа жолдауы;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелеріне немесе дәлелді бас тартуға қол қою және кеңсеге жолдау;