• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына 5-қосымша

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 11.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2016 жылғы № 39 Бұйрығымен (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің»: www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат) не осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, Мемлекеттік корпорациядан алынған қоса берілетін құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің болуы (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
5-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.12.2015 жылғы № 7-1/1098 Бұйрығымен (24.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.09.2017 жылғы № 392 Бұйрығына сәйкес (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың келіп түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық – ұсынылған құжаттармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізеді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды дайындайды және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі – ведомство) жолдайды немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуға қол қоюға арналған сұранымды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;
4) ведомство 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға және күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде тірі жануарларды карантиндеуден өткізуді басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, сұранымды 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
Егер:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға немесе тірі жануарларды карантиндеуден өткізуге басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу қажет етілмесе, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу қажет етілсе, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға арналған сұранымды дайындайды және басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерінен жауап алынғаннан кейін ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) сұранымға жауап алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
тірі жануарларды карантинге қою қажет болса, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға арналған сұранымды дайындайды және басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді. Басқа мемлекеттердің қызметтерінен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға жауап алынғаннан кейін ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ведомствоның сұраным жіберген тиісті аумақтық бөлімшесін, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;
5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) тіркелген өтініш, ұсынылған құжаттарды басшылыққа жолдау;
2) басшылықтың ұсынылған құжаттарды қарап, жауапты орындаушыны айқындауы және оған орындауға жолдауы;
3) құжаттардың дұрыстығын тексеру, рұқсат беруге арналған сұранымды немесе уәжді бас тартуды ресімдеу;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына сұраным жіберу;
5) сұранымды қарау және рұқсат беру немесе уәжді бас тарту;